27 жыл бойы іздеуде болған күдікті Қазақстанға жеткізілді
Кісі өлтірген қазақстандық 27 жылдан кейін Бельгияда ұсталды. Алматының криминалдық полициясының мәліметінше, 63 жастағы қазақстандық 1997 жылы маусымда Новосибирск қаласында отандасымызды ұрлап, өлтіруге қатысқан, кезінде оны босату үшін туыстарынан 100 мың доллар өтемақы талап еткен. Қаскөйдің бұл ауыр қылмысты адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы жасағаны белгілі болды.
«Алматы қалалық прокуратурасының үйлестіруімен және Интерполдың көмегімен күдікті ұсталып, Алматы қаласына жеткізілді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.