Экономист сауда мысалында Қазақстанның сыртқы геосаяси жағдайдағы басты проблемасы не екенін ФБ-да түсіндіреді.
Әңгімені санкция туралы білімі аз жұртқа санкцияларды “қолдау”, “енгізу”, “қосылу” немесе “ұстану” деген терминдер не білдіретінін түсіндіруден бастайық. “Қолдау” дегеніміз заң тұрғысындағы термин емес, оған қарағанда саясаттан келген түсінік, сондықтан оны бөлек қарастырайық. Бір санкцияны қолдамай-ақ, оны ұстануға болады.
Санкцияларды “енгізу” туралысы түсінікті – Қазақстан бұл соғысқа қатысты ешқандай дербес санкция енгізген жоқ. Бірақ батыстық “қосылу” және “ұстану” санкцияларын нақты анықтап беруіміз керек. Әрі қарайғы әрекеттер осы анықтамамызға байланысты болады.
Меніңше, бастысы – сәйкестік. Бұл тұрғыда нақтылық бар. Жоғары деңгейде Қазақстан РФ мен РБ-ға тыйым салынған тауарларды жеткізумен айналыспайды және оларға санкцияларды айналып өтуге көмектеседі деп мәлімделді.
Бірақ бұлай айтуға оңай.
ЕАЭО нормаларына сәйкес, біздің сыртқы шекарамыз барлық бес елдің ортақ кедендік шекарасы болып есептеледі. Осылайша, Қорғаста Ресей Федерациясына кіру нүктесі де бар.
Мысалы Таиландтан Қытай арқылы Ресей Федерациясына Боинг шиналары бар контейнер келе жатыр делік. Ал біздікілер бекетте не істеуі керек? Санкциялар тізімін ашып, онда “авиациялық шиналар” СЭҚ кодын тауып, бұл жүкті тоқтатып тастай ма? Немесе қытай жағы мұны Қытайға кіру-шығу кезінде жасауы керек пе еді? Олар осы проблемаға көз жұмып отырса қайтпекпіз?
Осылайша, №1 проблема – бұл біздің сыртқы шекарамыздағы санкциялар саясатын басқару.
№2 мәселе – дәл солай, бірақ ҚР — РФ шекарасында. Міне, мұнда тағы бір гәп бар.
Біздің РФ-мен шекарамыз – Ресейге тікелей шыға алмайтын Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан шекарасы. Яғни, біз олардың жүктерін де “қарауымыз” керек, өйткені біз соңғы жауапкершілікті қалай мойнымызға аламыз?
№3 проблема – банктік емес тауарларды ішкі басқару.
Мысалы, қазақ компаниясы серверге арналған 10 000 қарапайым микросхеманы сатып алып, оларды Бішкекке сатады. Жаман дейтіндей ештеңе жоқ сияқты, солай ма?
Бірақ мұқият қарасаңыз, бұл қазақ және қырғыз компаниялары ешқашан электроникамен айналыспаған, ал мына жерде екі құлағы тік шықты дегендей атып шыға келді. Мұны екі ел арқылы өткізіп, әрі қарай Ресейге жеткізу әрекеті деп ойлауымыз керек пе? Жалпы мұндай іспен айналысуымыз керек пе, әлде бұрынғысынша ағым жүре берсін бе?
Жалпы, сауда жасағанда артық кету қажет емес, ғылым тілімен айтқанда ауытқыған тұсына қарай басқару керек.
Тауар ағыны бола берсін, ал бірақ ережебұзушылық анықталса, біз олар бойынша жұмыс жүргізуіміз керек. Бірақ жағдай өткір болғаны соншалықты, мысалға мына сілтемедегідей мақалалар “біз кіммен екенімізді” анықтап, дәл қазір сол шешім бойынша әрекет етуге асықтырады.
Оларды да түсінуге болады, бірақ
Қазақстанның тиімді әрі үйлесімді дамуы үшін әлемнен жырақ қалуымызға болмайды