Нұр-Сұлтан
Қазір
-14
Ертең
-12
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

“Сыртқы күштердің қатысуын жоққа шығармаймыз” — Еурокомиссия Қазақстандағы оқиғалар туралы

Еуропалық парламент Қазақстандағы наразылық шараларын талқылауға арналған отырыс өткізді, деп хабарлайды “Говорит Москва”.

Денсаулық сақтау және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі Еуропалық комиссар лауазымын атқаратын кипрлық саясаткер Стелла Кириакидес “2 қаңтарда басталған бейбіт наразылық пен ел ауқымындағы шектен тыс зорлық-зомбылықтың арасындағы айқын шекараны белгілеу маңыздылығы туралы мәлімдеді, оның нәтижесі президенттің төтенше жағдайды енгізуі және ҰҚШҰ-ға зорлық-зомбылықты тойтарыс беруге шақыруы болды”.

“Жағдай сырттан былай көрінеді: қаруланған және дайындалған әскери топтар бейбіт наразылық ретінде басталған бастаманы өз пайдаларына қолданып кетті. Бұл топтар күш құрылымдарымен байланысты болуы мүмкін, себебі оларды кейбір қауіпсіздік құрылымдары тасада ұстауға тырысқан”, — деді Кириакидес.

Еурокомиссар ҰҚШҰ әскери контингентін Қазақстанға жіберу ұйым тарихындағы алғашқы прецедент болғанын, ендігіде бітімгерлерді елден шығару аяқталғанын атап өтті.

Кириакидес оқиғалардың күрделі сипаты мұқият қарау мен реакцияны қажет ететініне сенім білдірді.

“Елге қатысты саясатты өзгерту сияқты, қорытынды жасау әлі ерте. Біз адам құқықтарын бұзу фактілерін қоса алғанда, оқиғаларға толық, ашық және тәуелсіз тергеу жүргізуге шақырамыз. Наразылықтардың бейбіт қатысушыларына қылмыскерлер сияқты қарау дұрыс емес.

Бұл тұрғыда президент Тоқаевтың бейбіт наразылық білдірушілер сот қудалауына ұшырамауы тиіс деген мәлімдемесі назар аудартады. Біз ашықтық қағидаттарына сүйене отырып, осы драмалық оқиғаларды тергеу нәтижелерін күтеміз”, — деді еурокомиссар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз