Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
8
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

RAMS-тен құлағағалы тұрған мектеп: мемлекеттік бюджет есебінен қирандылар

20 қазанда Алматы аналар қозғалысының танымал азаматтық белсендісі Ирина Ким Facebook-тегі парақшасында таңқаларлық кадрларды жариялады. RAMS салған №6 мектептің қосымша ғимараты бұзылып жатыр. Алайда, белгілі болғандай, бұл білім беру мекемесі бизнес-мердігерлердің қолымен кеңейтіліп жатқан жалғыз мекеме емес. Және тексерісті қайта жанданған барлық мектепке жіберген жөн.

Ирина Ким және оның қоғамдық қызметтегі әріптестері осы мемлекеттік-жеке меншік серіктестіктің егжей-тегжейін мұқият зерттей бастады.

Тыныш қана салынған

— Ирина, №6 мектептегі көптеген кемшілікті жасырып қалған комиссия кім? Пайдалануға қабылдау-тапсыру актілері туралы ақпарат бар ма? Бұл мектептегі бұзылған жерлеріне қарамастан сабақ оқуға дайын ба?

— Онда қазірдің өзінде сабақ оқытылып жатыр. Мектеп жұмыс істейді. Оқиғалар жалпы былай басталған. 2020 жылы Алматыда мектептерге 17 қосымша ғимарат салынатыны және олардың 13-і RAMS-ке бірелітені туралы ақпарат шықты. Біздің белсенділер Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаевқа кірді. Оның көмекшісі Әлішер барлық құрылыс бір құрылыс компаниясына берілу себебі — бәрі инвестициялық жоба аясында өткендіктен. Бұдан кейін біз сенім танытып, тынышталдық.

Мемлекет ақша төлемейтіндіктен, RAMS өз есебінен салмақшы, жақсы дедік. Жыл бойы құрылыстар тыныш жүрді

2021 жылдың қаңтарында біз құрған білім беру саласындағы бақылау тобы RAMS салған барлық 13 қосымша ғимаратты аралап шықты. Әлбетте, жаңа оқу жылына олар үлгермеді. Тамыз айында кейбір қосымша ғимараттар пайдалануға беріліп жатқанын естіп, біз қайтадан тексеріске шықтық. Тағы да проблемалық мәселені көтердік, бірақ бұл жолы құрылыстың сапасы туралы. Әрине, жауап болған жоқ.

Бір ай бұрын бізде №144 мектепке қатысты сұрақтар туындады. Оны қандай күйде тапсырып жатқанын көріп, біз шошып кеттік. Әкімдік деңгейінде талдай бастағанда, бас мердігер RAMS емес, “SHEBERBUILD” ЖШС және “Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы” ЖШС екені анықталды. Сондай-ақ, бұл 13 құрылыстың барлығы инвестициялық жоба емес екені белгілі болды. Барлығы бюджет есебінен төленген.

1 миллиард сомасындағы кеңейту

— Мұны сізге біреу айтты ма, әлде қандай да бір құжат бар ма?

— Жайлы орта басқармасының өкілдерімен әңгімеден кейін белгілі болды. №144 мектептің ата-аналар кеңесі жобалық-сметалық құжаттаманы ұсынуды талап етті.

Содан кейін бізде осы 13 құрылыс бойынша ақпарат пайда болды. Бірақ ең қызығы, барлық нысандар бойынша RAMS қосалқы мердігер болып табылады

Барлық мектептің жобалаушысы бір — “Казремпроект” ЖШС.

Тағы бір қызығы, Наурызбай ауданы Ақжар ауылында №186 мектепті “ПМК-7К” ЖШС құрылыс компаниясы кеңейткен. Ондағы нәтижеге көз жассыз қарау мүмкін емес. Құрылыс жұмыстарын орындаушылардан бастап соңғы нәтижеге дейін.

Қазір біз барлық осы 13 RAMS салған ғимараттарды аралап жүрміз және енді не істеу керектігі туралы мәселені көтереміз. Бірақ бір нәрсе анық: RAMS-тің өзіне мемлекет талап қоя алмайды, өйткені олар қосалқы мердігерлер. Демек, бас мердігерлерді жауапқа тартады.

— Мемлекеттің осы қосымша ғимараттар үшін төлейтін жалпы сомасы белгілі ме? Қай бюджеттен — жергілікті немесе республикалық?

— Әзірге бізде ондай ақпарат жоқ, өйткені бұл тізімді жақында ғана алдық. №144 мектеп бойынша 300 орындық қосымша құрылысқа 1 млрд теңгеге жуық сома бөлінгені анықталды. 600, 900 орындық қосымша құрылыстар бар. Сондықтан бұл қомақты ақша туралы әңгіме.

Кім жауап беретін болады?

— Жауапкершілік мәселесі. Құрылыстың сапасы сын көтермейтіні анықтылды. Бұл үшін кім жауап береді? Комиссиялық тексеру бола ма?

— Біз комиссия құруға және әрбір объектіні мұқият тексеруге қол жеткіземіз. Алматы мәслихатының сәулет және құрылыс жөніндегі комиссиясы № 6, 144 және 186 мектептерге баруды жоспарлап отыр. Біз, яғни азаматтық белсенділер, жеке тәуелсіз жобалық бағалауға тапсырыс бердік.

Әкімдіктің сотқа беруге барлық негізі болатыны түсінікті. Бірақ тек бас мердігерлерді

Әдетте мұндай жағдайларда олар банкротқа ұшырайды, сот процестері бірнеше жылға созылады. Осы уақытта балалар қауіпті мектептерге бара береді.

— Бұл мердігерлер қалай таңдалған? Тендер болмаған ба?

— Тендер болды дейді. Бірақ бұл мәмілелердің барлық егжей-тегжейін әлі анықтау керек, біз осы жолдың басында тұрмыз.

— Әдетте мемлекет құрылыс жұмыстарына тапсырыс берген кезде тендерге қатысу үшін құжаттарды тапсыру кезінде талаптар қойылады — құрылыстағы жұмыс тәжірибесі, қолда бар техниканың, персоналдың тізімі және тағы басқалар. Бұл мердігерлер, құрылыс бизнесінен болмаса, жобаға қалай кірген?

— “SHEBERBUILD” ЖШС — танымал компания. Олар салған тұрғын үй кешендері бар. Бас директор Ералы Сауранбаев 2021 жылдың қыркүйек айында мәслихат депутаты болды. Қалған мердігерлер бойынша біз ештеңе білмейміз.

— Алты қосымша ғимарат салу тендерін жеңіп, мәслихат депутаты болу… Өте қызық жағдай.

— Ол депутат болғанға дейін тендерлерді жеңіп алған. Бірақ факт қызықты, әрине. Ол Қазақстанның құрылыс салалары одағы басқармасының төрағасы. Бірде-бір рет бізбен байланысқа шықпады.

365info медиапорталының редакциясы азаматтық белсенділерге алматылық жапсарлас құрылыстар жобасы туралы барынша толыққанды және шынайы ақпарат алуға жәрдемдеседі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз