Ермек Тұрсыновтың “Қарашаңырақ” кітабының тарауларының бірі келіндерге арналған оқу құралы болып табылады. Әсіресе дәстүрді құрметтейтін отбасына келгендер үшін.

Өйткені жас әйел жаңа үйдің табалдырығын аттаған соң ол жаңа отбасы-туыстық атмосфераға түсетін. Жаңа құрылымға. Және оған қалай да ену қажет болды. Өзіне лайықты орын табуы керек болды. Ал онда, сол құрылымда қатаң иерархия болатын.
Әкесі, яғни біздің жағдайда атасы президент болатын. Оны Отағасы дейтін. Немесе көке – «көк» сөзінен шыққан. Бұл оның мәртебесін көк Аспанмен теңестіретін.
Анасы (енесі) премьер-министр болатын – Отана. Одан кейін басқалары тұратын. Тақ ең үлкен ұлына мұраға қалатын. Қалғандары үшін ол Аға. Одан кішілер оны атымен атамайтын. Бұл дұрыс емес саналатын. Әкесі қайтыс болса, оның орнын, яғни отбасына жауапты адам ретінде ағасы басатын.
Ең кенже балаға да ерекше орын тағайындалатын. Дәстүр бойынша оған мұраға ата-анасының үйі — қарашаңырақ қалатын. Және әдетте дәл осы кенже бала ата-анасымен бірге тұратын.
Кенже баланың ата-анасымен бірге қалуының тағы бір себебі, көбіне ата-аналар үлкендеріне көмектесіп үлгеретін: біреуін үйлендіретін, тұрмысқа беретін. Құтты орындарына қондыратын. Ал кенжеге күш пен уақыт жетпей қалуы мүмкін.
Осындай отбасылық жағдаятқа байланысты келінге қиын соғатын, себебі оған артылатын міндет артатын.
Біріншіден, ол бәріне ұнауы тиіс. Ал бұл, шыны керек, қиын. Мысалы, сіз “барлық туысыма ұнаймын” деп айта аласыз ба? Ай, қайдам. Ұнап жатсаңыз да, алыстағы туыстарыңыз болуы мүмкін.
Екіншіден, келін алғашқы жылдары қатты психологиялық қысым астында өмір сүреді. Бәрінің назары сода болады. Онда да сынап-бағалау үшін. Әрине, оның шыққан тегі, жасауының бағасы, ата-анасы мен туыстарының жағдайына баса назар аударылатын. Бұл да қосымша жауапкершілік. Олардың көңілінен шығу керек болатын.
Ол үшін бірнеше қағида болатын. Келін таңертең бірінші болып оянып, үйдің ішін желдететін, яғни түндікті ашатын. Егер ол ұйықтап қалып, түндікті басқа біреу ашса келін үшін үлкен олқылық саналатын.
Түндікті ашқаннан кейін келін үйдің ішіндегі тірліктерді бастап кететін. Яғни кір жуу, сыпыру, жуу, тазалау, жинау және тамақ жасау.