24 жасқа дейін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алып үлгерген қазақстандықтар орта білімі бар қатарластарының түсіне де кірмеген табыс табады.
Осылайша, жоғары білім алу орта есеппен 92%-ға көбірек жалақы (немесе 134,6 мың теңге) алуға мүмкіндік береді. Ал егер оқуды әрі қарай жалғастырса, тағы 30% көбірек (+84,1 мың теңге) алады.
Сонымен қатар, соңғы жылдағы динамикада айтарлықтай өзгеріс бар:
Егер экономикалық қызметтің жекелеген бағыттарын қарастыратын болсақ, жоғары білім келесі бағыттар бойынша көбірек бонус береді:
Алайда, айрықша жағдайлар бар. Орта білімі бар қызметкерлердің табысы балық аулау мен балық өсіруде (153,9 мың, жоғары білім бар болса 150,8 мың), сондай-ақ туризм саласында (215,8 теңге, жоғары білімі бар болса 175,6 мың) жоғарырақ.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімге келетін болсақ, ол құрылыста жоғары бағаланады. Ресми статистика деректері бойынша, мұнда жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар 486 адам еңбек етеді, олардың орташа жалақысы айына шамамен 1,5 млн теңгені құрайды. Яғни, қарапайым жоғары білімі бар қызметкерлерге қарағанда 3,5 есе жоғары.
Пошта қызметі мен орман шаруашылығында жоғары оқу орнынан кейінгі білім жалақыны орта есеппен үш есеге (тиісінше 576,6 және 573,5 мың теңгеге дейін) арттырады.
Екінші жағынан, бірқатар бағыттар бойынша
жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу еңбекке ақы төлеу тұрғысынан тиімсіз. Жалақы өспегенімен қоймай, төмендейді
Бұған, мысалы, әкімшілік қосымша көмек көрсету, жылжымайтын мүлікке қатысты операциялар және, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кіреді.
Республиканың сегіз өңірінде орта білімі бар қызметкерлер диплом алған мамандарға қарағанда көбірек. Негізінен бұл орталық және солтүстік-шығыс Қазақстан. Алайда, жалпы Қазақстан бойынша жоғары білім алған жалдамалы қызметкерлердің саны 1,54 млн. болса, орта білімі барлар 1,3 млн.
Ең үлкен айырмашылық Алматыда. Бұл жерде дипломы бар қызметкерлер саны ЖОО бітірмегендерге қарағанда 91,7 мың адамға (67,2%) артық. Астанада жоғары білімі бар жұмысшылар жоғары білімі жоқтардан 2,1 есе көп (сәйкесінше 165,7 және 78,3 мың).
Қазақстанның барлық өңірлерінде дипломы бар қызметкердің жалақысы жоғары. Ең үлкен айырмашылық Атырау облысында. Мұнда дипломы бар мамандардың еңбекақысы 255,8 мың теңгеге жоғары. Алайда, республикалық өлшем бойынша орта білімі бар қызметкерлердің жалақысы да жаман емес – 260,1 мың теңге. Республиканың бірде-бір өңірінде мұндай жоқ, ал он өңірде тіпті орташа статистикалық дипломы бар маман да мұндай жалақы алмайды.
Күтпеген жағдай: Қызылорда облысында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар қызметкердің орташа жалақысы (479,7 мың теңге) Нұр-сұлтан (477,1 мың) және Алматыға (385,9 мың) қарағанда жоғары. Өңір тек Атырау облысынан ғана артта. Ең төменгі деңгей – Жамбыл облысында (212,1 мың теңге).
Жоғары білімнің жалақы төлеудегі рөлі жасы ұлғайған сайын байқала бастайды. Жоғары білім жоқтар 29-34 жаста шарықтау шегіне жетеді – содан кейін олардың жалақысы төмендей бастайды.
Жоғары білімі бар жұмысшыларда өсім шамамен 50 жасқа дейін созылады, бірақ одан кейін де жалақының күрт төмендеуін болдырмауға болады – жалақы зейнетке шыққанға дейін және одан кейін де бірдей деңгейде қалады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар қызметкерлердің жалақысы шамамен 40 жасқа қарай шарықтау шегіне жетеді, содан кейін біркелкі, бірақ айтарлықтай төмендеу басталады. Өмір бойы олар қатарластарынан көбірек ақша табады.
Сонымен қатар, 24 жасына қарай жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға үлгергендер осы жаста орта білімі бар құрдастары ешқашан ала алмайтындай көп мөлшерде ақша таба алады. Ал олардың 34 жасындағы жалақысы “жоғары қосымшасы” бар жұмысшылар үшін де қол жетімсіз болады.