Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Бізге екінші “үлкен аға” қажет емес – сарапшылар

122
фото: islam.kz

Орталық Азияны одан әрі интеграциялау қандай жолмен жүруі тиіс? Қазір бұл мәселе бойынша әртүрлі пікірлер айтылуда. Кейбіреулер негізгі одақтас ретінде Қытайды, енді біреулері Түркияны және т.б. ұсынады. Сонымен қатар, әр ұсыныстың өз астары бар.

“2021 жылдан кейінгі Орталық Азия: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер” дөңгелек үстеліне қатысушылардың да қазіргі жағдай мен содан туындайтын мәселелер жөнінде өз пікірлері бар. Олар әрқашан бірдей бола бермейді.

Жалғасы. Бірінші бөлімді де оқыңыз.

Жаңа империялық жоба қажет пе?

Сондай-ақ, Гүлмира Илеуова өңірде Түркияның болуы туралы да айтты. 2005 жылы Түркияны еліміздің одақтасы мен досы ретінде көргісі келетін қазақстандықтардың саны бар болғаны 4%-ды құрады. Бірінші орынды Ресей – 57%, екінші орынды АҚШ – 17%, үшінші орынды Қытай – 12% иеленді. 2014-те халықтың төрттен бір бөлігі Түркияға одақтас болуға қарсы емес еді. Алайда, 2015-2016 жылдары бұл көрсеткіштер құлдырады.

— Мен мұны байланыстартын сәт,

ресейлік ұшақты атып түсіріп, Ресей мен Түркия арасында қатты қақтығыс болған кез

Қазақстандағы ақпараттық өріс айтарлықтай қанық болатын және онда ресейлік дереккөздерден алынған Түркияға қарсы көптеген ақпарат болды.

Тиісінше, Түркияны үлгі алушы және бағдар ұстаушы ретінде қарастырған қазақстандықтардың саны екі есе азайды. Бұл түрік тауарлары әлі де халықтың жартысына жуығында сұранысқа ие болған қазіргі уақытта өте қызықты көрінеді. Оларда бойкот болған жоқ, болмайды және күтпейміз де. Бірақ Түркияның өзі бағдарлы ел ретінде маңызды болуды тоқтатты, – деді Илеуова.

Сарапшы интеграция “КСРО кезіндегідей біз біріге алатын империялық жоба” негізінде болуы мүмкін деп санайды. Бірақ нақты айтқанда, Қазақстанда империялық түрік жобасы қолдау таппайды. Дегенмен, сол Ыстамбұлға тұрақты түрде баратын халықтың үлесі (негізінен ауқатты қалалық қазақтар) де бар.

Әлеуметтанушылардың пікірінше, олар

олар бүкіл пантүріктік немесе пантүркіліктің жалғастырушысы мен қорғаушылары бола отырып, мегаполистің өмір салтын жалпы түріктердікімен теңестіреді

– Ақпараттық фактордың қалай әсер ететіні анық көрініп тұр. 25-34 жас аралығындағы топта Қазақстанның Түркиямен қарым-қатынасын қолдау деңгейі 25 жасқа дейінгі топтарға қарағанда жоғары. Себебі соңғы жылдары түрікше ақпараттық компонент азайды. Түркиямен жақындасу саясаты тұрғысынан ақпараттанған халық тобы 25 жастан асқан. Ал жастар арасында түрік ықпалын күшейтуді қолдайтындарды көрмедім, – деп қосты Илеуова.

Түркияның әсері туралы әңгімелер асыра айтылған

Осы мәселе бойынша саясаттанушы Асқар Нұрша пікірін білдірді. Ол да біздің елдеріміз Түркиямен қандай да бір саяси жобаға бірігуге ұмтылады деп санамайды.

— Бізде ешқашан олай болған емес. Соңғы 30 жыл ішінде Түркияның Түрікменстанмен және Өзбекстанмен қарым-қатынасында шиеленісті кезеңдер болды, өйткені олар түрлі диссиденттерге баспана берді.

Орталық Азия үшін Түркия кемалистік тұрғыда тартымды. Ал Ердоған келгеннен бері болып жатқан жағдай кейде тіптен түсініксіз

өйткені Түркия Таяу Шығыстағы қақтығысқа араласуда. Орталық Азияда ешкім Түркиямен Таяу Шығыстағы қандай да бір қақтығыста бірге боламын деп ойламайды. Бірақ, екінші жағынан, Таулы Қарабақтағы соғыстан кейін аймақта оған деген қызығушылық артты. Түркиядан белгілі бір деңгейде контрбаланс құра алатын қандай да бір күшті көрді”, — деді ол.

Нұрша “Түркияның ықпалы туралы әңгімелер өте асыра айтылған” деп санайды. Сондай-ақ, ол “қазіргі түрдегі регионализм идеясы өзгеруі керек” деп мәлімдеді.

— Біз үшін үлгі – НАФТА (ЕО моделіне негізделген Канада, АҚШ және Мексика арасындағы еркін сауда туралы келісім — ескерту), ЕО. Біз осы үлгілер бойынша ЕАЭО түздік, қандай да бір бюрократия құрдық. Бірақ көптеген Еуропа елдері бюрократияның диктатурасын қолдамайды.

ЕАЭО-да еуразиялық бюрократияны күшейтудің қажеті жоқ, керісінше, одан кету керек,

— деді ол.

Саясаттанушы аймақ оған “геосаяси көшбасшылардың ойынындағы рөлдің орындаушысы ретінде емес, оларға қосылмау қозғалысы ретінде жақын” деп түсіндірді.

– Біз Қытайды, Ресейді, Батыс елдерін мұнда хаос болмауы үшін бенефициарлар бола алатындығына сендіруіміз керек. Бірақ бұл ретте Орталық Азияның интеграциясы осы елдердің геосаяси текетіресінен тыс болуы тиіс, – деді ол.

Шектеуден тыс ойлау басым бола бастайды

Экономист Айдархан Құсайыновтың мәлімдеуінше:

30 жыл ішінде “сыртқы акторлар аймаққа бірлескен идея ұсына алмады”

Көптеген Орталық Азия елдерінің көшбасшылары белсенді сыртқы саясат құру міндетін алға қойған жоқ. Оның орнына ішкі істермен айналысты.

– Бір елде бірге өмір сүргендерін есіне алатын ұрпақ келмеске кетіп барады. Аймақ жеке-дара мемлекеттердің белгілі бір тобына айналуда.

Бұл Орталық Азия елдері үшін бүгінгі таңдағы ең үлкен сын-тегеурін

Бірлескен саясатты әзірлеу тұрғысынан емес. Бұл жерде сөз елдердің қандай да бір бірлескен сыртқы саяси ұстанымды қалыптастыруы туралы болып отыр, — деді.

Экономист әлемде “шектеуден тыс ойлау басым бола бастайды” деп санайды. Ынтымақтастық нақты белсенді ойыншылар үшін пайдалы болу тұрғысынан дамиды.

–  Яғни, төмендегідей жағдайларда әр ел өз таңдауын жасауы керек

ескі шектеулер бұзылып, әр ойыншы қазір классикалық тандемдер немесе одақтар атынан бөлек қатысады

Айқын мысал – сол Түркия. Бір жағынан, НАТО-ның үлкен мүшесі, екінші жағынан, Ресейдің зениттік зымыран жүйелерін сатып алады. Сонымен бірге ол Қырымға қатысты мәселелер бойынша Украинаның ұстанымын қолдайды. Ресей және Қытаймен де көптеген бірлескен нәтижелі іс-қимылдар болса да, белгілі бір қайшылықтар бар, – деді Құсайынов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз