DimashAli шығармашылық орталығы Димаш Құдайбергеннің Golden композициясына жаңа бейнебаянын ұсынды.
Сюжет бойынша екі белгісіз адам ірі ұйымның штаб-пәтеріне хакерлік шабуыл жасаған.
“Көптеген азаматтардың шағымдарына сүйенсек, бұл ұйымның беделі өте күмәнді. Батыл бұзу салдарынан осы қаржы бизнесмендерінің барлық шоттары жойылды. Сол кеште бұрын алаяқтардың алдауының құрбаны болған азаматтардың карталарына белгісіз счеттан ақша түсе бастады. Мүмкін, тонау мен әділеттілікті қалпына келтірудің артында бір адамдар тұр”, – делінген бейненің сипаттамасында.