Ақтаудағы құстар туралы бейнехиттің авторы Азамат Сәрсенбаев Facebook-те Ақтау қаласының маңындағы жағдайдың нашарлағанын көрсетіп, бейнемен бөлісті.
“Туған даламның полиэтиленнен тұратын “гүлдерін” көрген кезде жүрегің қан жылайды екен. Маңғыстау жерінде құрылыс қоқыстары мен полиэтилен пакеттерін жел ондаған километрге ұшырып жатыр”, – деп Азамат роликке қысқаша түсініктеме жазды.