Бүгін «Nur Otan» партиясы атынан ҚР Парламенті Мәжілісі мен облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер «Есіктен есікке» акциясы аясында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданына қарасты Сунақата ауылдық округінде болып қайтты.
Ал ардагерлер өздерін алаңдатқан әр түрлі мәселелерді көтеріп, салмақты сауалдарына тұшымды жауаптар алды. Оның ішінде ардагерлер аудан халқы үшін маңызды таза ауыз су, газбен қамтамасыз ету, медицинаға қолжетімділіктің артуы, кәсіпкерлікті дамыту, заманауи білім дағдыларын меңгеру, жастардың бәсекеге қабілетті болуы секілді проблемалар көтерсе, үміткерлер тиісінше, нақты жоспарлар тізбегін айтып берді.
Нақтырақ айтсақ, кентте келер жылдан бастап, ауқымды шаралар жасалмақ. Оның ішінде «Тайпақкөл-Қандыарал» көлдер жүйесін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіліп, Қандөз, Манап ауылдарының аяқсу мәселелісін шешімін табатын болады. Әрі елді мекендердің көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүйеленеді. Ал жұмыспен қамтамасыз етуге келсек, 5 жылда кемдегенде 3250 жасты жұмыспен қамтумен жәрдемдесіп, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 500 жас маманды ауылға тұрақтандырмақ.
– Медицина саласында тың жаңалықтар жетерлік. Мәселен, Төменарық ауылында ауылдық аурухананың құрылысы және Қаратөбе, Әбдіғаппар, Қожакент, Талап, Келінтөбе елді мекендерінде дәрігерлік амбулатория салынады. Және 100 медициналық ұйым қызметкерлерінің біліктілігін арттырып, 8 жалпы тәжірібелік дәрігер, 2 неонатолог, 1 нефролог, 1 кардиолог мамандары қажеттілігін қамтамасыз етуге ниетті, – деді аудандық мәслихатқа үміткер Мәжит Балқожаев.
Үміткерлер осылайша әрбір ардагермен кездесуде үгіт-насихат парақтарын таратып, алдағы сайлауда дауыс беруге шақырды.
“Nur Otan” партиясы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді