Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Кімнің саяси мансабы алдағы сайлаудан кейін аяқталады?

492

Сарапшылар қауымдастығы негізінен  жарыс фавориті, Nur Otan партиясының тізімін талқылауда. Сондай-ақ ЖСДП байкот жариялауы туралы аз-маз сөз қылуда.  Қалған партиялар аналитиктерді өте қызықтырмайды. Мәжілістің жаңа шақырылымы алдыңғы шақырылымның көшірмесі болуы ықтимал: яғни бір гегемон және екі-үш статист шығады. Бірақ, біршама жаңа тұлғалар пайда болады. Бұл қазірдің өзінде сайлауға деген қызығушылықты арттырып отыр.

«Паровоздардан» бас тартуды жөн көрді

Саясаттанушы Эдуард Полетаев  депутаттық корпустың жаңартылатыны Nur Otan партиясыныеың съезінен кейін белгілі болды деп атап өтті. Бірақ кейбіреулердің өз орнын сақтап қалатыны айдан анық.

«Алтыншы шақырылым депутаттарының кем дегенде жартысынан астамы жаңа партиялық тізімге енбеді.  Nur Otan-нан 52,  ҚХП-сынан үш,  «Ақ Жол»-дан бір депутат деп жазды ол өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Эдуард Полетаев

Алты партияның бесеуі Мәжіліске ұсынатын кандидаттарының тізімін таныстырды. Олар: Nur Otan (127 ықтимал адамнан 126 адам), ҚХП – 125, «Ақ Жол» — 38, «Ауыл» — 20 және «Адал» — 19.

— Ашық тізімдер жүйесінің сөзсіз артықшылығы үлкен басымдық болды. Кейіннен партиялар Парламентке түсетін үміткерлерді түпкілікті анықтайды, — деп санайды Полетаев.

Саясаттанушы бұдан ары да депутаттық қызметін жалғастыратындар туралы да айтты. Алтыншы шақырылым депутаттарының З4-і жетінші шақырылымға түсуі мүмкін. Оның ішінде 24 адам Nur Otan атынан (праймериз қорытындысы бойынша 77 кандидаттың 5-уі. Партиялық квота бойынша 49 үміткердің 19-ы), «Ақ Жол» партиясынан алты депутат және ҚХП-сынан төрт депутат. Сондай-ақ  бесінші шақырылымның бірнеше депутаты (мысалы «Ақ Жол»-дың партиялық тізімінде) бар.

«Nur Otan-ның соңғы ұсынған ең жаңа және ауқымды партиялық тізіміне келетін болсақ, кадрлардың «партиялық қоржынында» үлкен өзгерістер бар екенін атап өтуге болады. Үміткерлер түрлі қызмет саласынан, атап айтқанда мемлекеттік қызмет, бизнес, білім, ғылым. Саяси беделі жоғарылары да бар, олардың орны ерекше маңызды. Барлығының адамдармен жұмыс істеу саласында үлкен тәжірибесі бар», — деп жазады Полетаев.

Ары қарай саясаттанушы екі «жаңа акцентті» (партиялық тізімдегі жастар мен әйелдер квотасынан басқа) атап өтті.

— Біріншіден,

үміткерлер тізімінде «паровоз» секілді спортшылар немесе суретшілер жоқ»,

Екіншіден, кандидаттар арасында қоғам қайраткерлері, ҮЕҰ басшылары да аз емес».

Асқар Мамин Үкімет басшысы лауазымынан кете ме?

Саясаттанушы Марат Шибұтов өзінің арнасында тізімі ең үлкен Nur Otan-ға (ықтимал 127 адамның 126-сы) баса назар аударды. ҚХП-ның тізімі бір адамға төмен (бірақ кейінірек бірнеше адам келісім бермегендерін айтты).

Қалған партиялардың тізімі бірнеше есе аз. Мүмкін, сарапшылар қауымдастығының азырақ назар аударуына осы себеп болған шығар.

Марат Шибутов. Әлеуметтік желіден алынған сурет

Шибутов бұл кадрлық әлеуеттің төмендігі немесе партияның тізгінін ұстағандардың  қатарын кеңейтуге құлықсыздығы туралы хабар береді деп санайды.

Парламент сайлауына дейінгі және одан кейінгі теңге бағамы: сарапшыларға жүргізілген сауалнама

— Дариға Назарбаева, Асқар Мамин, Ерлан Қошанов, Ахметжан Есімовтің тізімге енгені өте қызықты. Беделді саясаткерлер әрқашан тізімде болған, дегенмен, бұл олардың мәжіліске келуі мүмкін екенін білдірмей ме? Бірден кадрлық интрига пайда болады, өйткені олар спикердің орнына келеді, ал

олар өз кезегінде біраз адамдар көз салып жүрген орындарын (Назарбаевадан басқа) босатады

— деп атап өтті саясаттанушы.

Сондай-ақ, Шибутов бағдарламаның біршама өзгергенін екенін атап өтті. Шамасы, авторлар сынды, соның ішінде «коронавирус инфекциясын қарсы күрестің нәтижесінде айтылғандарды» ескерсе керек. Сонымен қатар Тоқаевтың Жолдауларында айтылған негізгі пікірлерді, ең алдымен есеп беретін мемлекет туралы ойларды пайдаланды.

«Transparency Kazakhstan қамқоршылық кеңесінің бұрынғы төрағасы ретінде мен партияның  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске басымдық бергеніне және жұртшылықтың қатысуын міндеттегеніне қуаныштымын», — деп жазады сарапшы.

Шибутов ЖСДП сайлауына қатысудан бас тартуды «үлкен мүмкіндікті құр жіберу» деп атады. Саясаттанушының пікірінше, партия оппозиция белсенділерін біріктіріп, «наразы электоратты дауыс беруге жинай алар еді».

«Екінші жағынан, шындығына келгенде, партия толығымен күйреді, бас орталық та,  филиалдар да жұмыс істемейді, ақша мен кадр жоқ. Бірақ айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарадының керін көрсетіп отыр.

Біз тек өз шартымызбен ынтымақтасуға дайынбыз дегені дұрыс емес

Жалпы, бұл партияның жеткен жері осы, олар келесі парламенттік сайлауға дейін өмір сүреді деп ойламаймын. Бұл бүкіл саяси жүйеге зиян, бірақ бұл олардың шешімі», — деп түйіндеді Шибутов.

Наразылық көңіл-күй күшеюі мүмкін

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев Nur Otan  праймериз өткізуде көздеген екі міндетті атап өтті.

  • Партияны қайта жүктеу науқаны аясында саяси активті жаңарту;
  • электораттың көз алдында партиялық имиджді жаңарту.

Әшімбаевтың пікірінше, шектеулі болса да екі міндет шешімін тапты.

Данияр Әшімбаев, Facebook-тегі парақшасынан алынған сурет

— Nur Otan билік партиясы ретінде белгілі бір дәрежеде тек жетістіктерге ғана емес, сонымен қатар елдегі барлық мемлекеттік басқару жүйесінің қателігі, кемшілігі және жанжалды мәселелер үшін де саяси жауапты, бұл оған дауыс бергісі келетін немесе теріс көзқарастағы сайлаушыларға ықпал етеді, — деп қосты Әшімбаев.

Ол қоғамдағы наразылық көңіл-күйдің артуы мүмкін екенін еске салды. Пандемия мен карантиннің салдарынан қауіп күшейе түсті. Бұл форс-мажор барлық әлеуметтік-экономикалық проблемаларды ушықтырып, жаңаларын қосты.

— Праймериздің қорытындысы бойынша партия мүшелерінің дауыстарымен өңірлерден іріктелген 78 кандидат ұсынылды.

Олардың ішінде қазіргі депутаттардың бесеуі ғана бар, қалғандарының көбі азаматтық белсенділер,

кәсіпкерлер, білім беру, денсаулық сақтау, БАҚ өкілдері, сондай-ақ партия белсенділері мен өңірлік басқару элитасының өкілдері. 78-дің ішіндегі бір кандидат съез алдында өз кандидатурасын алып тастады. Өңірлік кандидаттардың 28,6%-ы — әйелдер, 19,5%-ы — әкімдіктер мен мәслихаттардың қызметкерлері, 6,5%-ы — партия белсенділері, 79,2%-ы—қазақтар, —деп атап өтті саясаттанушы.

Бұл ретте Әшімбаев жаңа тізімде «сен тұр, мен атайындар» көбірек екенін атады.

«Айта кетейін, қазіргі тізімде бұрынғыдай  мәжіліске  «демалысқа» жіберу керек деген адамдар жоқ. Керісінше, қазіргі шақырылымның көптеген танымал депутаттары, тәжірибелі ардагер саясаткерлер қаңтар айында құрметті демалысқа шығуы мүмкін», — деп жазады ол.

ЖСДП жүйелік жағдарысқа ұшырады

Сондай-ақ, Әшімбаев ЖСДП  сайлауға бойкот жариялағанын айтып,

партия жүйелік дағдарысқа ұшырады, өйткені беделді құрылтайшылар кетіп қалды, ал қалғандарында саяси ресурс жоқ деп атап өтті

— Айдар Әлібаевтан басқа партияда беделді спикерлер қалмады. Салмағы бар тұлғалар және ең алдымен қаржылық ресурс жоқ. Тіпті идеялық тәуелсіз баспасөз ақшасыз өмір сүре алмайды. Екіншіден, партия барлық активін дау-жанжалдарға, өзара есеп айырысуға жұмсады. Бұл сайлау кезінде жасыра алмайтын мәселе. Жаңа активті жинау қиынға соғады, себебі бірден көшбасшылыққа қатысты мәселе туындайды. Үшіншіден, «барлығына қарсы партиялар» картасын ойнауға болар еді, бірақ

ЖСДП бұл картаны радикалдар шығарды деп ойлады,

осылайша партия пайдалана алатын басты мүмкіндігін жіберіп алды, — деп атап өтті Әшімбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз