Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Бекшин қымбат қонақ үйде банкет өткізуге неге рұқсат бергенін түсіндірді

Жандарбек Бекшин. Сурет: ҚазАқпарат

Санитарлық дәрігердің айтуынша, рұқсат банкетке емес, персоналды оқытуға берілген. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

— Олар қазір ұзақ уақыт үзілістен соң қызметкерлерді қайтадан жинап жатыр. Спортшыларға құрмет көрсету шарасы бірінші қабатта 1 рет қана өтуі тиіс болатын. Алайда, бөлім басшысының көрсеткен ақпаратында бірреттік шара екендігі көрсетілмеген, — деді Бекшин.

Бас санитарлық дәрігердің сөзінше, мониторингілік топтар құқықбұзушылық туралы хабарламаған.

— Ол жерде қанша адам болғаны да белгісіз. Біреулер 40 адам десе, біреулер 60 адам дейді. Бұл қонақүйде жоғарғы қабатта кең көлемде банкет өткізетін бөлмелер жоқ. Қонақүй басшылығы өте ауқымды зарарсыздандыру шараларын жүргізді. Ауаны рецирккуляторлы тазарту жүйесін орнатып, ауа алмасу жүйесін жақсартты. Бактерицидті лампалар қойылды.

Осы қауіпсіздік шараларына 1 млн долларға жуық қаражат кеткен. Сол үшін біз бұл шараға рұқсат бердік. 900 орындық залға тек 150 адамға рұқсат еттік, — деді Бекшин.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз