Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Елдегі өнеркәсіп бес ай қатарынан шығынға батты

232
Сурет: eadaily.com

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша өнеркәсіптік өндіріс индексі 2019 жылдың ұқсас айына қарағанда қазан айында 93,8%-ды құрады. Бұл 2019 жылдың қазанына қарағанда өткен айда тауарлар мен өнімдер әлдеқайда аз шығарылғанын білдіреді. Бұл үрдіс бес ай қатарынан байқалды:

  • маусым айында көрсеткіш 94,4%-ды құрады
  • шілде –  90,4%
  • тамыз –  94,4%
  • қыркүйек – 96,5%.

Қазақстан үшін өнеркәсіп өндірісінің құлдырауы – сирек құбылыс. 2017-2019 жылдары бұл тек бір рет болды (2018 жылдың мамыр айымен салыстырғанда 2019 мамыр айында – 98,4% болды). Соңғы рет

2015 жылдың екінші жартысында  өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда қатарынан 5 ай бойы ӨӨИ төмендегені байқалды

Ол кезде бұл теңгенің құбылмалы бағамғаа көшуінің аясында болды.

Ұзаққа созылған құлдырау 10 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптің шығынға ұшырауына әкелді. 2020 жылғы қаңтар-қазан нәтижелері бойынша өнеркәсіп өндірісінің индексі 99,4-ды құрады. Яғни, теріс динамика жекелеген айлардың қорытындысы бойынша ғана емес, жалпы жыл бойынша да байқалады. 2016 жылғы желтоқсаннан бері мұндай жағдай болған жоқ – ол кезде ӨӨИ 98,9%-ды құрады.

Мұнайлы аймақтар көбірек зардап шекті

Өнеркәсіп өндірісінің төмендеуі 6 өңірде байқалады. Ең жоғарысы – Қызылорда облысында. Өндірілетін мұнай көлемінің төмендеуіне байланысты ӨӨИ бар-жоғы 87,7%-ды құрады.

Басқа мұнайлы өңірлердің – Атырау (96,4%) және Маңғыстау (92,5%) облыстарының көрсеткіші де айтарлықтай төмендеді. Бұдан басқа, Шығыс Қазақстан (97,3%) және Түркістан (99,7%) облыстарында, сондай-ақ Шымкентте (97%) де төмендеу  байқалады.

Қытайға біздің мұнай керек емес, оны енді Грекия сатып алып жатыр: экспорт динамикасы

Қаңтар-қазан айларында өнеркәсіп өндірісінің ең жоғары өсімін Қостанай облысы көрсетті. Темір кені концентраттарын өндіру және ұн, шыбықтар мен өзектер, сондай-ақ автомобильдер өндірісінің өсуі есебінен ӨӨИ 6,9%-ға өсті.

Ақмола облысының көрсеткіші біршама төмен (6,3%) болып шықты. Өңір мыс және құрамында алтын бар концентраттарды көп өндіре бастады, сондай-ақ портландцемент, алтын, тракторлар мен астық жинайтын комбайндар өндірісін ұлғайтты.

Өндіріс төмендеп, өңдеу көлемі артуда

Салалардың ішінде тау-кен өнеркәсібі қатты құлдырады – мұнда өнеркәсіп өндірісінің индексі 96,9%-ды құрады. Бұл негізінен шикі мұнай өндірудің (95,7%) және қызмет көрсету көлемінің (94,3%) төмендеуіне байланысты болды.

Өндіріс көлемі артқан  жалғыз сала – темір кенін өндіру. Бірақ өсімді айтарлықтай жоғары деп айту қиын, ол небәрі 1%-ға артты.

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс жалпы 3,2%-ға көтерілді. Атап айтқанда:

АҚШ-тағы президент сайлауының нәтижелері Қазақстанға қалай әсер етеді?

  • азық-түлік — 103,4%,
  • фармацевтикалық өнімдер мен препараттар — 139,7%, а
  • машина жасау — 116,5%.

Бірақ кейбір өндіріс салаларының көрсеткіші құлдырап кетті. Олар:

  • химия өнеркәсібінің көрсеткіштері — 97,9%,
  • компьютерлер, электрондық және электр жабдықтар өндірісі — 84,7;%
  • жиһаз — 82,5%.

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда өнеркәсіптік өндіріс индексі 100,9%-ды құрады. Бұл негізінен өндіріс көлемін және газ тәрізді отынды құбырлар арқылы тарату көлемін 14,9%-ға арттыру есебінен болды, оған өңірлерді газдандыру әсер етеді.

Ал 2020 жылғы қаңтар-қазан айларында сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және ластануды жою бойынша қызметтегі өнеркәсіп өндірісінің индексі 96,4%-ды құрады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз