Ереванның орталығындағы Бостандық алаңында оппозициялық митинг өтті. Желіде ондағы наразылық білдірушілер мен қауіпсіздік күштерінің қақтығысының видеосы жарияланды.
Видеодан қауіпсіздік күштерінің агрессивті наразылық білдірушілерді ығыстырып шығаруға тырысып жатқанын байқауға болады.
Еревандағы митингте бірнеше оппозициялық партиялардың өкілдері, соның ішінде «Өркендеген Армения» партиясының жетекшісі Гагик Царукян тұтқындалғаны белгілі болды. Партияның баспасөз хатшысы Ивета Тоноян тұтқындауларды «саяси қуғын-сүргін» деп атады. Оппозиция елдің премьер-министрі Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етуде.
Келісімдерге сәйкес, қақтығыс тараптары әскери тұтқындармен және қаза тапқандардың денелерімен алмасуы керек, аймақтағы барлық көлік тораптары ашылады. Сонымен қатар, Кельбаджар, Агдам, Лачин аудандары 1 желтоқсанға дейін Әзірбайжанға қайтарылады.Лачин дәлізі Арменияның иелігінде қалады. Бітімгершілік миссиясының шеңберінде Ресей тарапы өңірге 1 960 әскери қызметшіні енгізеді.