Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Маска кимеген алматылықтарға 4,7 млн теңге айыппұл салынған

134
Дереккөзі: ortcom.kz

Бұл туралы Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

8 қазаннан бастап бүгінгі күнге дейін мониторингтік топ 1 860 объектіні аралады, оның ішінде 439 объектіде карантиндік, оның ішінде маскалық режимді бұзушылық анықталды.

ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша жеке тұлғаларға қатысты маска режимін сақтамағаны үшін 4 708 710 теңге сомасына әкімшілік құқық бұзушылық туралы 113 хаттама толтырылды, — деген бас санитарлық дәрігердің сөзін «ҚазАқпарат» хабарлайды.

Қалада аудандық әкімдіктер жанында күн сайын ұйымдарда, объектілерде эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалғанын қадағалау рейдтерін жүргізетін 26 мониторингтік топ жұмыс істейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз