Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

ЖОО-лардағы оқу мерзімі қысқаруы мүмкін

167
Ашық көздерден алынған сурет

Бұл туралы саяси ғылымдар докторы Шәріпбек Әмірбеков айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

— Қазақстанда 800-ге жуық колледж бар, олардың барлығы кредиттік оқыту технологиясына көшуі тиіс. Бұл дегеніміз, оқу бітірген түлектер жоғары оқу орындарына түсіп, бірақ төрт емес, 2,5—3 жыл оқиды.

Ең бастысы ЖОО түлектерін жұмысқа орналасуы. Президент бұл туралы бірнеше рет айтқан болатын. Үкімет қаулысымен жоғары оқу орындарының түлектері жұмысқа орналаса алмаса, мамандықтар да, жоғары оқу орындарының өздері де біртіндеп жабылады деген норма қабылданды, — деп атап өтті Әмірбеков.

Оның айтуынша, мемлекет биыл оқуға түскендер мен төрт жылдан кейін бітіргендердің санын бақылайтын болады.

Ақылы жоғары оқу орындарының талапкерлеріне емтихандар да енгізіледі. Шетелдік топ-менеджерлерді тарту — биылғы жылы енгізілген жаңалық. Қазір шетелдік проректорлар мен ректорларды тарта бастады. Мысалы, медицина университетіндегі бірінші проректор Польшадан келген. НАРХОЗ-да —  Америкадан келген маман. Мұның қаншалықты тиімді екенін уақыт көрсетеді, — деп түйіндеді Әмірбеков.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз