Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Жемқорлыққа қатысты айырбас схемалары Қазақстандағы заңдарды айналып өтеді — саясаттанушы

199
Дереккөзі: slovoidilo.ua

Саясаттанушы Максим Казначеев біздің порталға берген сұхбатында бұл шаралар жеткіліксіз екенін айтты. Мәселені екінші жағынан қарау керек және ең алдымен заңдарға назар аудару керек.

«Жемқорлық айырбас» схемасы бұрыннан жұмыс істейді

Максим, бұл өзгерістер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қаншалықты тиімді болады?

— Бұл өзгерістер сыбайлас жемқорлық көлеміне тікелей әсер етпейді. Туыстарын жұмысқа қабылдауға тыйым салу өте орынды деп санаймын. Бірақ оны айналып өтуге болады, жолдары бар.

Туыстарын екі түрлі ведомство арасындағы келісім бойынша қабылдай алады

Шартты түрде айтқанда, «А» бөлімінің басшысы «Б» бөлімінің басшысымен келісіп,  олар бір-бірінің туыстарын жұмысқа алады. Бұл лауазымдарға қатысты бартердің бір түрі болып шығады.

— Қазірдің өзінде осыған ұқсас нәрсе бар. Адамды жұмысқа тіпті «бартермен» емес, басқа өзіне көрсетілген қандай да бір қызметтің өтеуі ретінде жұмысқа қабылдайды.

— Иә, бұл схемалар әлдеқашан пысықталған. Бірақ, кем дегенде,

туыстарын тікелей қарамағына алу мүмкіндігі жоқ, бұның өзі бір артықшылық

— Яғни, оң нәтиже бар.

— Бұл сыбайлас жемқорлық іс-қимылдарының негізгі көзі емес. Туыстар мен сыйлықтар оның шағын бір бөлігі ғана, жалпы жағдайға онша әсер етпейді. Басқа жағынан қарау керек.

Түрлі мемлекеттік тендерлер мен гранттар міндеттерін өткізу рәсімдерінен бастау керек

Оның бәрін егжей-тегжейлі көрсеткен жөн.

Шенеуніктер де, олардың қызмет түрлері де өте көп

— Бұрын айтқанымдай мемлекеттік органның функцияларының көлемін қысқарту маңызды. Осыған сүйене отырып,  қажеттілігі шамалы шенеуніктердің санын азайту керек.

— Ал бұл функцияларды қайда жібереміз? Кімге береміз? Олар кейін жағдайды өз мақсатына пайдаланып кетпей ме?

— Оларды бюрократиялық жүйемен реттелмейтін салаға шығару керек. Қарапайым мысал келтірсек, техникалық байқаудан өту рәсімдері. Бұл сала әрқашан жемқорлықтан көз ашпай келді, алайда бәсекелестік ортаға шығарылғаннан кейін адамдардың шағымы күрт төмендеді.

Өзбекстандағы дамбаны жемқорлық «жарды» — БАҚ-қа шолу

Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңнамалық базаны толық қайта қарау қажет. Тиісінше, заңның назарынан тыс қалған барлық олқылықтарды жою керек.

— Осындай олқылықтар көп пе? Олар қайдан шықты?

— Іс жүзінде бүкіл заңнамалық база тексеруді қажет етеді. Қаншалықты кемшілігі бар екенін болжаммен де айта алмаймыз. Бұған осындай заңдарды қабылдайтын Парламент депутаттарының біліктілігінің төмендігі себеп болды. Олар заңгерлер емес.

Сонымен қатар, осы сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңда кейбір мәселелердің ескерілмеуі олардың мүдделеріне сай келеді

Егер сыбайлас жемқорлық проблемасын қарайтын болсақ, біз нәтижесінде биліктің заң шығарушы тармағының тиімділігіне қатысты мәселеге кез боламыз.

Заңды кім жаза алады?

— Бірінші кезекте бұл олқылықтардың сақталуына министрліктер мүдделі. Себебі мәселе оларға бағынышты қызмет салаларын реттейтін заңдар туралы болып отырмыз.

Сондықтан министрліктерден заң шығару бастамасы құқығын алып тастау керек

Әзірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреспен шенеуніктер, яғни  «балға қарсы бал аралары» айналысады. Олар өздері жұмыс істейтін сыбайлас жемқорлық схемаларын жоймайды. Мұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство жасауы тиіс. Бірақ олар да өздерінің тікелей міндетін қолға алмай отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз