Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

COVID-19-дың екінші толқыны: дәрігерлер нені ұсынды, министрлік қандай шараларды қабылдады?

236
Сурет: Атырау облысының Аймақтық байланыс қызметі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылдың мамыр-маусымында күзде екінші толқын болады деп болжаған еді. Қазақстан коронавирустың жаңа соққысына  дайындалып, ауруханалар мен стационарларды қосымша жарақтандыру, дәрі-дәрмек сатып алу және медицина қызметкерлерін қазақстандықтардың өмірі үшін жаңа күреске ынталандыруға дайындалып жатыр.

Бірінші толқыннан кейін сабақ алдық дейтіндей жеткілікті жұмыс жасалды ма? Бұл туралы Primary health care Ұлттық қауымдастығының президенті Төлебай Рахыпбековпен әңгіме құрып көрдік.

Дәрігерлерді қорғау

— Төлебай Қосиябекұлы, Денсаулық сақтау министрлігі екінші толқынға дайын екенін мәлімдеді. Қалай ойлайсыз, маусым-шілде айларындағы адамдар жедел жәрдем көліктері стационарларының жанында бірнеше сағат бойы кезекте тұрып, оларды емдейті құралдар болмай қалған жағдай қайталанбас үшін тиісті жұмыстардың барлығы атқарылды ма?

— Бүкіл әлем планетаның алғашқы толқынынан жеңілгенін мойындады. Сондықтан мен белгілі бір елдегі жалпы халық санының қаншасы ауырғанын көрсететін  статистикаларға назар аудармас едім. Барлығына бірдей диагноз қойылған жоқ, сондықтан нақты қанша адамның вирус жұқтырғаны туралы айта алмаймыз.

Бүгінде статистиканы жүргізудің орнына, адамдардың вирус жұқтыруымен күрескен жөн.

Мен басынан бастап тест тапсырып, қосымша ақша жұмсаудың қажеті жоқ деп айтқан едім. Белгілеріне сүйеніп, диагноз қойып, емдей беру керек

Бірінші толқынынан кейін белгілерін анықтап үйренді.

Мен Лениногорскіде 23 жастағы интерн болған кезде, менің тәлімгерлерім нағыз дәрігер пациент дәрігерлік үстелге жақындағанға дейін оған диагноз қоя білуі тиіс екенін айтқан. Осылай жұмыс істеу керек.

Дәрігерлер алдыңғы шепте

— Сонымен, бірінші толқында басқаларға қарағанда дәрігерлер көбірек вирус жұқтырды. Неліктен олар өздеріне көмектеспеді?

— Себебі мемлекет алдыңғы қатарда жүргендерді қорғауға тырысып,  қамқорлық жасамады. Олар танкіге қарсы шыққан жаяу әскер секілді болды. Алматы ауруханаларының бірінде жүздеген дәрігердің вирус жұқтырғаны анықталды, ал олар ковид анықталған науқастармен  бетпердесіз жұмыс істеуге  мәжбүр болған.

Себебі пандемия жағдайында жеке қорғаныс құралдарын сатып алу шығыны қарастырылмаған

Соңғы уақытта бізде бәрі жақсы деп айтуда. Бірақ оның қаншалықты рас екенін уақыты келгенде көреміз. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігін, сондай-ақ, жергілікті әкімдіктерді де дәрігерлерді қорғауды басты назарға алуға шақырамын.

Төлебай Рахыпбеков

Елордада қандай жағдай болды? Күніне температурасы бар 200-300 адам  емханаға келді. 80-100 мың адамға қызмет көрсететін емханалар бар. Біздің қауымдастық оларды 50 мыңға дейін ұлғайтуды ұсынды. Сонымен қатар, қосымша ауруханаларды онсыз да шешілмеген мәселесі көп қаланың шетіндегі  аудандарға емес, барлық байланыс құралы бар, бос жатқан жерерге салу керек.

Біз Денсаулық сақтау министрлігінен емханаларды ірілендіріп, ауруханалар салатын үлгілік жобалау-сметалық құжаттама дайындауды сұрадық.

Дені сау адамдардан вирус жұқтырғандарды оқшаулау

— Мұндай ұсынысты қашан білдірдіңіздер?

— Ақпан-наурыз айларында бірінші толқын бастала салысымен, жазға дейін үлгеруіміз керегін айттық.  Бірде-бір әкімдік, министрлік те ешқандай шара қолданбады. Бұл сау науқастарды инфекциядан қорғайды. Олардың бәрі әртүрлі мәселемен (суық тиіп, аяғы сынып) бір емханаға жүгінеді.

Емханалар мен қабылдау бөлмелеріндегі сұрыптауды қайта құру туралы да ұсыныс білдірдік. Бұл хирургиялық науқасы барларды ковид жұқтырған науқастардан қорғауға мүмкіндік берер еді. Әрине,  бұл мәселенің маңыздылығын түсінген жергілікті жерлердегі емханалар мұндай байланыстардың алдын алуға тырысады, бірақ әлі де барлығы тығыз қарым-қатынс жасауда. Сондықтан

емханаға барған  адамдардың вирус жұқтыру ықтималдығы жоғары

Ең бастысы, медициналық мекемелердің бюджетінде сүзгілерді қалпына келтіруге қажетті ақша қарастырылмаған. Осы уақытқа дейін солай болды.

— Егер шілдедегі оқиға қайталанып, жедел жәрдем көліктеріне сұраныс артса, қалай кезек күту мәселесінің алдын аламыз?

— Біз уақытша шатырлы қабылдау-сұрыптау пункттерін ұйымдастыруды ұсындық,  жедел жәрдем науқастарды осында жеткізіп, кідірмей, жаңа шақыруларға кететін еді.

Мен неліктен бұл туралы айтып отырмын? Әр кезеңдегі сұрыптау — жетістікке жетудің бір жолы. Әр қызмет өз жұмысын дер кезінде және басқаларға тәуелді болмай жасау керек.

Біз неге қол жеткіздік? Республикалық денсаулық сақтау орталығы қашықтықтан кеңес беру  операциялық рәсімдерінің стандарттарын әзірледі. Бірақ бұйрықты әлі көрмедім. Яғни, тағы да жағдай тоқтатылды деген сөз.

Онлайн-ко кеңес беру

— Қашықтан кеңес беру қалай жүзеге асырылады?

— Бірінші толқын кезіндегідей бола ма? Жедел жәрдемге қоңырау шалған адамдарға диспетчер олардың кезекте 52-ші екенін, «жедел жәрдемді» бес сағат (!) күту керегін айтқан. Біз кезекте тұрғандарға онлайн-кеңес беруді ұсындық. Бұл міндетті өз мойнымызға алдық, нәтижесі болды.

Алматы облысының орталық аудандық ауруханаларының бірінде пандемияның шарықтау шегінде онлайн-кеңес берудің арқасында бригадалардың шақырулары 100%-ға дейін қажетіліктен алынған кездер болды

Әлі күнге дейін осы тәжірибе жаппай қолданылмады.

Бақытымызға орай, бірінші толқын кезінде қазақстандық медицина емдеудің тиімді хаттамаларын енгізді, диагноз қоюды және симптомдарды анықтауды үйренді. Онлайн кеңес берудің арқасында бригадалар  тек шұғыл  көмек қажет науқастарға баратын болды. ЖРВИ-дің маусымдық өршуі кезінде қашықтықтан кеңес беру жедел жәрдем мәселесі кем дегенде 50%-ға азайта алады.

Пандемияға дейінгі кезеңнің өзінде  денсаулық сақтауға  жеке менеджент ұғымын енгіздік.  Созылмалы гипертониялық науқастар тонометрлер сатып алды, оларды қолдануды, сондай-ақ қысымды қалыпқа келтіретін препараттарды да қабылдауды үйренді.  Жедел жәрдем шақырулары азайғанын байқадық.

Қашықтан жұмыс істейтін прокурорға машинаның не керегі бар?

— Біз ауылдардағы жағдай одан да ауыр екенін айтқан болатынбыз. Жазғы демалыс кезінде қандай жұмыстар атқарылды

— Ештеңе. Қабылдау бөлмелеріндегі сүзгілер  мәселесі шешімін тапқан жоқ. Денсаулық сақтау министрлігі жақында өңірлерге 100 жылжымалы диагностикалық пункттер, санитарлық машиналар, препараттар сатып алынғанын хабарлады. Министрлік қолдан келгенінше жұмыс жасап жатқаны байқалады. Бұл жақсы. Бірақ жеткіліксіз. Қанша көлік сатып алса да, олар әлі де жетіспейді.

Барлық бюджеттік ұйымның балансында машина бар, олар карантинде кезінде бос тұрды. Қашықтан жұмыс істейтін экология, жер қатынастары департаментінің директорына немесе аудан прокурорына қызметтік көліктің не қажеті бар?

Біз пандемия кезінде осы көліктерді емханаларға көмек беру үшін, мобильді бригадаларды шақырған мекенжайларға баруына көмектесуге пайдалануды ұсындық. Сонымен қатар, сол мекеменің жүргізушісі мен бензині қолданылуы керек. Алғашында бұл идеяның пайдалы болатынына сенбегендер көп болды. Бірақ қазір нәтижесін көріп отырмыз.

Бірінші болып Қызылорда, Маңғыстау, Өскемен қалаларының билігі көмек қолын созды.  Әкім аппаратының қызметтік көліктері дәрігерлердің жұмысын жеңілдетіп, емханаларға берілді. Дағдарыс-менеджменті сауатты болуы керек. Пандемия кезінде әр емхананың соңына ондағы дәрігерлеге қызмет көрсету, тамақтандыру және олардың  шұғыл жұмыстар жүргізетін ұйымдарды тіркеуге болады.

Жалпы, қазір екінші толқынның алдында төтенше жағдай кезіндегі нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеп қоюымыз қажет

Онда ешқандай түсініксіздік болмауы үшін, тек барлық мүдделі мемлекеттік органдар алдындағы міндеттердің нақты тізбесін дайындаған жөн.

Психологтар туралы сөз қозғады

— Президент коронавирус инфекциясының алдын алу үшін қосымша ақша бөлуді тапсырды. Оның ішінде медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру керегін де сөз етті.

— Ия, бірақ әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар туралы тағы да есіне алмады. Пандемия көптеген адамдар қорқыныштан қайтыс болғанын анықтады. Психологтардың жалақысы 78 мың теңге. Президент Денсаулық сақтау министрлігіне медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруді тапсырды.

Нәтижесінде санитарлар психологтар мен әлеуметтік қызметкерлерге қарағанда көбірек жалақы алады. Ал олар мобильді бригадалардың құрамында күн сайын жұмыс істейді, науқастармен кездеседі, онлайн кеңес беру өткізеді.

— Сіздің айтқаныңызға қарасақ, әлі ешнәрсе жасалмаған. Сонда  бұл біз бірінші толқыннан ешқандай сабақ алмадық деген сөз бе?  

Министрлік екінші толқында дәрігерлерге арналған қорғаныс құралдары жеткілікті болады деп кепілдік береді. Мұнда назар аударарлық бір мәселе бар. Адам жедел жәрдем немесе мобильді топ шақырды. Олар бір қоңыраудан кейін екіншісіне барады.

Бригада шақыртулардың арасында қорғаныс костюмдерін толығымен ауыстырғанына және көрші кіреберістен қолдарын өңдеп келгеніне кім кепілдік бере алады?

Өзіңіз ойлаңызшы, пандемия кезінде барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, күніне 30 қоңырауды қамтамасыз ету, яғни, костюмді шешіп, душ қабылдап, жаңа костюм кию мүмкін бе? Күмәнім бар. Ауылдағы емханалардағы дәрігерлер бір ай бойы бір маска киген. Теледидан кей жерде дәрігерлердің бір халатпен жүріп,  ковидпен күрескенін көрсетті. Бұл күлкілі емес.

Мен не үшін нақты іс-шаралар жоспары туралы айтып отырмын? Әркім өзінің рөлі мен жауапкершілігін білуі керек. Сонда ғана шілде апатының қайталануының алдын аламыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз