Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Ауыл өмірін жақсарту үшін 63 млрд теңге бөлінеді: бұл ақшаның пайдасы шамалы — сарапшы

201
Ғани Қалиев

Елімізде кемінде 2 000 ауылдың интернет, орталықтандырылған газ және сумен жабдықтау дегеннің не екенін білмейтінін ескерсек, бұл көп пе, аз ба? Сондай-ақ олар отбасын қалай тамақтандырын білмейді. Себебі ауылдарда жұмыссыздық деңгейі өте жоғары.

Ұлттық қордан 2023 жылға дейін 63 млрд теңге бөлінеді. Қаржыландыру Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталатын болады. Үкіметтің болжамы бойынша, 2025 жылға дейін ауылдық елді мекендердің 80%-ы жаңғыртылатын болады. Онда 6 миллионнан астам адам тұрады. «Ауыл — Ел бесігі» жобасының мақсаты осы.

Осынша адам тұрады деген қағаз жүзіндегі мәселе. Көпшілігі онда тіркелгенмен, аудан орталықтары мен қалаларда жұмыспен қамтылған. Бұл туралы ауылшаруашылық ғылымдары академиясының президенті Ғани Қалиев бірнеше рет айтқан.

Күш — бірлікте

— Ғани Әлімұлы, 63 млрд теңге ауылдың мәселесін шешуге жете ме?

— «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы тиісті деңгейде орындалып жатқан жоқ, енді, тағы да транш жасауды жоспарланып отыр. Ал қаржыландыруды қайда және қандай көлемде бөлу туралы шешімді сала қызметкерлері мен сарапшыларының келісімінсіз қабылданады. Республикалық агроөнеркәсіптік кешен экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты бар. Шенеуніктер осы ҒЗИ ғалымдарының қайсысымен кеңесті? Ақыр соңында пайдасы болмаса да,  миллиардтаған қаражаттың қайда жұмсалғанына таңғаламыз. Біз Президентке де, үкіметке де саланың дамуы мен болашағы туралы өз пайымдауымызды ұсындық. Алайда бәрі министрлік қабырғасында шешіледі.

— Сіз нақты нені ұсынасыз?

— Көп жыл бұрынғыдай, ауыл шаруашылығының тиімділігі мен өндірістің рентабельділігін көтеру керек. Бұл үшін сала жаңа технологиялармен және техникамен қарулануы керек. Оларды пайдалану үшін ірі ауылшаруашылық кәсіпорындары болуы керек. Шағын фермалардың технологиялық процестерді жақсартатын ақшасы жоқ.

Сала субъектілерін қалай ірілендіруге болады? Кооперативтерге біріктіру керек. Тіпті заң қабылданса да, кооперация жаппай процеске ұласпады.

Ұсақ фермалар кеңестік колхоздар мен совхоздардың тағдырын бастан кешіреміз  деп қорықты. Себебі ол кездерде бұрынғы басшылар барлық байлықты өзіне алып, ал шаруалардың қолында ешнәрсе қалмаған болатын. Мемлекет мәселенің шешімін тапты: заңда кооператив ұсақ тауар өндірушілердің жерлерін жалға алып, иелеріне жалдау ақысын төлейді деген норма жазылған. Техника мен малға қатысты да солай. Ал кооператив қызметінен түскен пайданы қатысушылар арасында енгізілген мүлікке пропорционалды түрде бөлінеді.

Жұмыс болса, адамдар да болады

— Яғни, егер сала субъектілері бірікпесе, бөлінетін кез келген миллиардтаған ақша ысырап болады дегенге саяды ма?

Әрине. Өндірістің тиімділігін тек осылай арттыруға болады. Ал жұмыс орындары пайда болса,  ешкім ауылды тастап, қалаға қашпайды.

Айта кетейік, кооперативтерге қатысты тәжірибені Жамбыл және Алматы облыстары бастады. Біз мемлекетке жеңілдетілген несие беріп, кооперацияны ынталандыруды ұсындық. Басқалары тәжірибенің сәттілігін көрсе, өздері-ақ тартылар еді. Бірақ айтылған мәселе айтылған күйі қалды.

— Ауылдағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық өзгерістер ауыл тұрғындарын үйлеріне қайтаруға және  сол жерде ұстап тұруға көмектеседі ме?

— Әрине олай емес. Ауылдағы өмір ауыл шаруашылығы экономикасы көтерілген кезде ғана көтеріледі. Ол үшін жалақысы жақсы жұмыс орындары мен жұмыс қолдары қажет.

Адамдар ауылға  қайтып оралу үшін мүгедектер үйі немесе жақсы ауыл кинотеатры емес, жұмыспен қамту бағдарламалары керек

Инфрақұрылым да қажет, бірақ маңызы жағынан екінші орында. Жұмысшылар ауылдан қалаға бірінші кезекте коммуналдық игілік емес, жұмыс іздеп  қашады. Оқытатын және емдейтін ешкім болмағаннан, мұғалімдер мен дәрігерлер де олармен бірге кетеді.

— Ауыл шаруашылығы ең төменгі жалақы алатын сала. Қызметкерлер орташа есеппен қанша алады?

— Әр жерде әр түрлі, экономиканың көлеміне байланысты. Кедейлер мен орта шаруалардың арасы тым алшақ. Егер жеке қосалқы шаруашылықтың иесі өзі үшін жұмыс істесе, оның бар тапқаны күнкөрістен артылмайды. Сәл үлкен шаруа иелері  адамдарды басыбайлық принципімен жалдап, мардымсыз ақша төлейді.

Ауыл жағдайының қаншалықты ауыр екенін түсіну үшін жергілікті жерлерге барып, маңызды әлеуметтік зерттеу жүргізу қажет. Статистиканың нәтижесі орташа мәнмен шығарыла салады.

Сондықтан ауыл шаруашылығын шексіз қаржыландыруға болады, бірақ мемлекеттің қолында саланың қарапайым қызметкерінің объективті портреті болғанша, барлық күш-жігердің пайдасы шамалы болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз