Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

Қазақстан тұмауға қарсы вакцинаның 2,2 млн дозасын сатып алды

Дереккөзі: evening-kazan.ru

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

— ЖРВИ мен тұмаумен сырқаттанушылық маусымы жақындап келеді. Ағымдағы эпидмаусымға бірыңғай дистрибьютор тұмауға қарсы 2 199 990 доза сатып алды, бұл республиканың жалпы халқының 11%-ын қамтуға мүмкіндік береді, — деген шенеуніктің сөзін «Қазақпарат»  келтіреді.

Министр сондай-ақ вакцинацияланатын азаматтардың санаттарын да атады.

— Жүрек-тамыр жүйесі мен тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар адамдар, жиі ауыратын балалар, жүкті әйелдер, білім беру ұйымдарындағы балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, медицина қызметкерлеріне вакцина салынатынын  еске салғым келеді. Әкімдер ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы егуді бастау бойынша шаралар қабылдау қажет, — деп түсіндірді Цой.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз