Елдің білім беру жүйесі басқаларға қарағанда карантиндік шектеулерден жеңіл өтті. Бұған себеп физикалық және онлайн сабақтардың симбиозы бірнеше жыл бұрын жүзеге асырыла бастады.
Бұл туралы университеттік білім беру мәселелері жөніндегі халықаралық онлайн конференцияда айтылды. Негізгі спикерлердің бірі Кентербери университетінің (Жаңа Зеландия) профессоры Ширли Браун болды.
Бұл университет әлемдегі ең үздік 250 ЖОО-ның қатарына кіреді. QS World University Rankings-тің жақында жасаған шолуына сәйкес, бұндағы студенттер қашықтықтан білім алуға мәжбүрлі көшуді іс жүзінде байқамады. Профессор Браунның айтуынша, онлайн білім беру элементтері 2014 жылдан бастап, бірнеше жыл сынақтардан, қателіктерден және студенттермен кеңескеннен кейін белсенді түрде енгізіле бастады.
«Ең алдымен, қажеттіліктерін білу үшін олармен сөйлестік. Біз тез арада жұмысты жақсартатын пікірлерді алдық. Сондай-ақ, университет деңгейінде де, білім беру жүйесіндегі реформалар деңгейінде де инновациялардың біртіндеп енгізілуі маңызды», — деді Шерли Браун.
Оның айтуынша, түрлі жастағы студенттермен жұмыс істеу білім алушылардың қажеттіліктеріне оңтайлы жауап беретін оқыту ортасын құруға мүмкіндік берді. Кентерберидің бұл тәжірибесін елдің басқа университеттері қолданды және тиімділігін дәлелдеді.
Мысалы, Жаңа Зеландияның Студенттік қауымдастығы жүргізген сауалнамада респонденттердің 98%-ы дәрістердің пандемия кезіндегідей интернетте қолжетімді болғанын қалайтынын айтты.
Студенттердің көбі онлайн дәрістер тиімді оқытуға ықпал етеді деп санағаннан,
университеттер қарапайым жұмысқа орала алмайды
«Оқытушылар оқу нұсқаларының дұрыс үйлесімін таңдай алуы үшін оларға қолдау көрсету керек», — деді Браун.
Ширли Браун бейне сабақтар сияқты қашықтықтан білім беру элементіне егжей-тегжейлі тоқталды.
— Бірнеше жыл бойы біз олардың нәтижелерін жүйелі түрде бақылап отырдық. Қосымша видео және аудио материалдар алған студенттердің жетістіктерін көрдік, — дейді профессор.
Бұл дегеніміз, күндізгі дәріс оқитын оқытушылар сабаққа дейін немесе одан кейін қосымша материалдар ұсына отырып, студенттердің білімін едәуір жақсарта алады.
— Қолданыстағы оқыту әдістеріне бейнелер қосылуы студенттердің 75%-ынан астамына қосымша артықшылықтар берді. Біз олардың оқыту барысында пайдалы екенін анықтадық, —деп атап өтті Браун.
Сондай-ақ, ол мұндай тәжірибені енгізуге бірнеше жыл қажет болғанын атап өтті.
Оқытушылар құрамының 90%-ы бейнемонтаж жасап, сабақ мұрағатын құрды
Ал бұл мұрағат Жаңа Зеландия университеттерінде карантин кезінде қолданылды.
Ширли Браун қосымша бейне сабақтардың білім беру құралы ретіндегі бірнеше артықшылығын атады.
Студенттердің екі негізгі: көретін және еститін оқу каналы бар. Сондықтан видеолар бір каналды ғана қолданатын кітаптарға, веб-сайттарға немесе подкасттарға қарағанда әлдеқайда жақсы жұмыс істейді. Видеода екі канал да бар.
Мұғалімдер визуалды эффектілерді тиімді пайдаланып, видеоларды өңдеп ауызша түсіндіруге ыңғайлы ете алады. Үздік оқытушылар оны дәрістеріне де қолданады, видеоны материал түсінікті болатындай өңдеуге болады.
Студенттер әрқашан өздеріне ыңғайлы жылдамдықты орната алады: дәрісті жылдамдатып, баяулатып тыңдай алады. Сондай-ақ өзіне қажеттіні жазып, не кофе ішіп алу үшін тоқтатып та қояды. Бұл олардың материалды еркін отырып меңгеруіне мүмкіндік береді.
Жеке қарқынмен оқыту бұрыннан бар және оның материалды игеру сапасын жақсартатыны дәлелденген.
Видеолар дәрістерге қарағанда заттарды сенімді түрде көрсете алады. Дәрістер оқытуды рөлдік ойындар мен модельдеу арқылы шынайы етеді және қонақтар мен спикерлерді шақырғанда ерекше болуы мүмкін. Браунның айтуынша, медициналық студенттерге Паркинсон ауруы бар адамдар әкелінді.
Бірақ видеолар бұл мәселені тиімді шешеді. Мұндай адамдарды шақырудың орнына университет олармен бірнеше сұхбат өткізіп, таспаға жазып алады. Ал әсері бірдей.
Сонымен қатар,
видеода оқытушылар сыныпта көрсете алмайтын, нақты жағдайларды көрсете алады
Мысалы, хирургиялық операциялар, әртүрлі инженерлік құрылымдардың жұмысы және т. б.
«Бейнесабақтар түсіре отырып, мұғалімдер уақытты босқа өткізеді деп ойламауы керек, мұндай сабақ қорының ұзақ жылдар бойы пайдасы болады. Бейне сабақтармен физикалық дәрістерді толығымен ауыстыруға болады деп айтқым келмейді. Бірақ мұндай элементті білім беру жүйесіне енгізу студенттердің оқу сапасын арттыратыны сөзсіз», — деп түйіндеді Шерли Браун.