Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтаруы мүмкін — СІМ

122
Сурет: ҚР СІМ

27 желтоқсанда Гуанчжоу халық соты қазақстандық қыздың өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өзгеріссіз қалдырды. Тұрлыбайдың қорғаушыларының үкімге шағым түсіруі де көмектеспеді.

«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Тұрлыбай келесі айда Гуандун провинциясының түрмелерінің біріне ауысуы керек, —

делінген Қазақстан СІМ-нің ресми хабарламасында. —

Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасындағы Қазақстан ратификациялаған және 2015 жылы күшіне енген сотталған адамдарды беру туралы шартқа сәйкес,

Тұрлыбайға қатысты үкімді орындау үшін ҚХР-ның юрисдикциясынан ҚР-ға беруді қолдануға болады

Қазіргі уақытта қорғаушы тарап пен сотталған отандастың отбасы біздің азаматшаны Қазақстанға беру рәсімін қарастыруда.

Сотталушыны беру бойынша келіссөздер ҚР Бас прокуратурасы мен ҚХР уәкілетті органы арасында жүргізілетін болады

Қорғаныс тарапының сотталушынының қай уақытта Қазақстанға беруі мүмкін екені туралы хабары жоқ, алайда біз оны тезірек қайтаруға мүдделіміз. Тұрлыбай ісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің тұрақты бақылауында екенін атап өтеміз».

Тұрлыбай Гуанчжоу әуежайында 2014 жылдың көктемінде ұсталды. Қытай полициясы қыздың заттарынан 4,5 кг есірткі тапты. Қыздың айтуынша, ол өзінің есірткі тасымалдап жатқанын білмеген.

Қытай заңнамасы бойынша Ақжарқын өлім жазасына дейін ең ауыр жазаға ұшырады. 2015 жылдың жазында оны Қытай соты өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотталушының қорғаушылары үкімге шағым түсірді. 2016 жылдың мамыр айында істі қайта қарау басталды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз