Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

2023 жылы Ұлттық қордың қаражаты төмендемейтін қалдық деңгейіне жақындайды. Ақшаны қайдан алуға болады?

256

26 тамызда FINANCE.kz телеграм арнасы мұнай ақша қорына шексіз «сүңгу» Ұлттық қордың босауына әкелді деп жазды.

«Мемлекеттік бюджет тапшылығының артуына байланысты 2023 жылға қарай Ұлттық қордың қаражаты төмендемейтін қалдық деңгейіне жақындайды», — деп жазады ресурс. — «Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Ұлттық қордың жинақ қызметін қолдау үшін шаралар қабылдау қажет деп санайды. @FINANCEkaz Ұлттық Банктің бастамасын қолдайды—біз әлдеқашан трансферттерді тоқтатып,  бюджетті профицитке айналдыруымыз керек еді».

Бұнда ақылға қонымды сұрақ туындайды —  2023 және одан кейінгі жылдары бюджеттік тесіктерді жабу үшін ақшаны қайдан алуға болады? EXANTE халықаралық инвестициялық компаниясының сарапшысы Андрей Чеботарев бірнеше нұсқа бар деп есептейді.

Профицитті бюджет

— Бірнеше жолы бар. Үкімет үміттенетін бірінші нәрсе — 2023 жылға дейін әлемдік экономикадағы жағдай түзетіліп, Ұлттық қор тола бастайды, — дейді сарапшы. — Бұл нұсқа жаман емес және барлығын қанағаттандырады.

Біз экономиканың V-бейнелі қалпына келуін күтеміз, ол кезде қарқынды өсу байқалады

Сонымен қатар Ұлттық қорды кезекті толтыру үшін мұнай бағасының артатуынан да үміттіміз. Төмендетілмейтін қалдық ЖІӨ-нің 30%-ына тең.

— Болжамдарға осыншалық үміт арту қаншалықты дұрыс?

Екінші жол — күш салу және бюджетті профицитке айналдыру. Мұнда бір қулық бар. Бізде Ресейдегідей нақты бюджеттік ереже болған жоқ. Мемлекеттің үлесі бар кәсіпорындардың мұнайды сатуына салынатын экспорттық кедендік баждың бір бөлігі Ұлттық қорға емес, тікелей бюджетке түсті. Егер біз Ерболат Досаев ұсынғандай бюджеттік ережені қабылдасақ бюджет одан бетер шығынға тап болады.

Оны дағдарыс кезінде емес, дағдарыстан шыққаннан кейін өсіп келе жатқан экономикаға бөлу керек. Тәжірибе көрсеткендей, бюджеттік шығындардан бастау керек.

Біз қымбат форумдар мен конференцияларсыз өмір сүруге болатынын біліп, оның барлығын телекоммуникация режиміндегі кездесулермен алмастырдық

Осы дәстүрді 10-15 жыл бойы жалғастырсақ, бюджет біршама қаржыны үнемдейді. Бұл пандемия кезінде күрт азайған іссапарларға да қатысты. Айтпақшы, Ресей бұл тұрғыда бюджетін қысқартып,  дағдарысқа профицит бюджетімен кірді.

Голланд ауруы жақындап келеді

— 2020 жылы трансферт ұлғайғаннан кейін салықты арттыру қажеттілігі туралы әңгіме көбейді. Қазір біраз тынышталып қалды, бірақ бұл тақырыпты көпшілік алдында талқылауды тоқтатқан сияқты көрінеді. Салық өсімі бізді бюджет тапшылығынан құтқара ма?

— Ішінара құтқаруы мүмкін. Бұрынғы КСРО елдеріндегі салық көлемі төмен, сондықтан ерте ме, кеш пе біз оны көбейтеміз. Бірақ бұл әдеттегідей орнысыз емес, біртұтас жүйе ретінде болуы керек.

Сызықтық шкаланы прогрессивті және түсініксіз прогрессиямен тез арада өзгерту мүмкін емес

Немесе заңды тұлғалар төлейтін  КТС мен ҚҚС-ты бірден көтеру керек. Алайда жан-жақты талдау жүрзібей мұндай өзгерісті енгізуге болмайды, әсіресе дағдарыс кезінде. Менің ойымша, жақында жаңа салық жүйесі ұсынылады, онда Президенттің прогрессивті салық салу шкаласын енгізу туралы тілектері ескеріледі. Ұлттық экономика министрлігі ұсынғандай болмайды деп үміттенемін.

— Егер 2023 жылға қарай әлемдік экономика қалпына келмесе және Қазақстан Үкіметінің үміттері орындалмаса не болады?

— Бәрі де мүмкін. Бірақ қазіргі дағдарыстың ерекшелігі барлығының тез арада өтіп кетуі. Наурыз айында нарықтардың ең үлкен құлдырауы болды. Ал қайта қалпына келуге бес ай ғана уақыт кетті, бұл да бір рекорд. Тамыз айында америкалық және азиялық индекстер жаңа абсолютті рекордтарды көрсетеді. Барлығы біз ойлағандай жаман емес. Экономика қытай моделі бойынша  қалпына келуде.

Қытай басқалар күткеннен тезірек қалпына келді. Оған әлемнің қалған бөлігі де ұмтылады

ҰЭМ жыл соңына дейін мұнай құнын барреліне 20-25 доллар деңгейінде болжады. Қазір оның құны 45 долларға жетті. Сонымен қатар, келесі жылы мұнай бағасының қымбаттауына алғышарттар бар. Дағдарысқа байланысты жаңа кен орындарын барлау және оларды дамыту бюджеттері қысқарды Нәтижесінде, әлем дағдарыстан шығып, тұтынуды арттырған кезде, мұнай компаниялары бұл сұранысты қамтамасыз ете алмайды. Ұсыныс тапшылығы болады. Мұнай әлі де өседі. Кейбір бағалаулар бойынша, барреліне 100 доллардан да жоғары деңгейге көтеріледі.

Ал  қымбат мұнайдың уақыты келгенде, біз аяқталмаған істердің бәріне білек сыбана кірісуіміз керек. Қазақстан экономиканы әртараптандырып, нақты бюджеттік ереже қабылдап, мұнай кірістерін стерильдеуі керек. Тек осылай ғана біз қалтамыздағы қаржыға қарап өмір сүруді үйренеміз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз