Қазақстанда 2500 бала коронавируспен ауырды, олардың тек 16-ында Кавасаки синдромы расталды.
— Соңғы күндері біз коронавирус инфекциясы немесе Кавасаки синдромынан зардап шеккен балалардың денсаулығы туралы қазақстандық аналардың алаңдаушылығын байқадық. Үрейге бой алдырмаңыздар, Кавасаки синдромымен жаппай ауру жағдайы тіркелген жоқ. Коронавирус инфекциясымен ауыратын 2500-ге жуық баланың ішінде Кавасаки синдромы тек 16 кәмелетке толмаған балада расталды, олардың жартысы толық сауығып кетті, — деді ол. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Кавасаки синдромы орташа және ұсақ артерияларға әсер етеді. Ол қызба, шырышты қабықтың, терінің өзгеруі, коронарлық және басқа висцеральды артериялардың зақымдануы, аневризманың, тромбоздың және тамыр қабырғасының жарылуының пайда болуымен көрінеді. Ауруға негізінен 1-15 жастағы балалар бейім. Сарапшылардың пікірінше, синдромның себептерінің бірі COVID-19 салдары болуы мүмкін.