Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-12
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

Коммунист жемқорларды өлім жазасына кесуді ұсынды, қоғам өкілдері бұған наразы

168

— Шенеуніктерге сыбайлас жемқорлық пен қазақстандықтардың мүдделерін елемегені үшін өлім жазасын қолдану немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруды жазасын енгізу керек шығар? — деген пікірді Қоңыров Rezonans порталындағы авторлық бағанасында жазды.

Алайда сауалнамаға қатысқан жұртшылық бұл идеяны қолдамады.

Мұндай үкімнің әділ болатынына ешқандай кепіл  жоқ

Дағдарыс орталықтары одағының басшысы Зүлфия Байсақова кез келген қылмысқа өлім жазасына енгізуге  үзілді-кесілді қарсы.

— Адамды өмірінен айыру дұрыс емес. Мен қазір Балиеваның педофилдерді өлім жазасын қолдану  мәселесін көтеретінін білемін, бірақ адамның шынымен кінәлі екеніне жүз пайыз сенімді болу өте қиын, — деді ол.

Сарапшы

бүгін тергеу органдарына да, сот органдарына да толық сенім жоқ —

деп атап өтті.

Ешкім үкімнің әділ шығарылғанына кепілдік бере алмайды. Бұл өлім жазасын қайтаруға болмайтынын дәлелдейтін  негізгі себептердің бірі.

Байсақова сыбайлас жемқорлық қылмыстарға кесілетін жазаны қатаңдату керек деп есептейді. Оның пікірінше,  қазіргілері тым жеңіл.

— Біріншіден, жемқор ұрлағынының бәрін қазынаға қайтаруы керек. Екіншіден, кесілген мерзімді толық өтесін. Мұны  алмастырылатын екі жаза түрі емес, бір бүтін деп санау керек. Қазір бізде

миллиард ұрласа да, қандай да бір бөлігін қайтарды, бірнеше жыл мемлекеттік органдарда жұмыс істеу құқығынан айырылып,  бостандықта жүреді

— деді Байсақова.

Өкінішке орай, жазаның бұлтартпастығы принципі бізде жұмыс істемейді, бұл туралы қаншама адам пікір білдірді. Егер жазадан толығымен (тіпті ауыр қылмыстар үшін де) құтылудың  жолы тым көп болса, оның салдарын барынша азайту керек.

Сондай-ақ, қоғам өкілі біздің түзеу мекемелері өзінің негізгі қызметін атқармайтынын атап өтті. Яғни, олар қылмыскерлерді түзетудің орнына,  қоғамнан оқшаулаумен шектеледі.

Әрқашан дәлелденген көлемнен көбірек ұрлайды

Адвокат және қоғам қайраткері Светлана Ковлягина да өлім жазасына қарсы.

— Құқық қорғау ұйымдары мемлекет өз азаматтарын өлтіруге құқылы емес деген пікірді ұстанады. Прогрессивті адамзат кез келген қылмыс үшін өлім жазасын қолданбауды жақтайды, — деді ол.

Ковлягинаның пікірінше, сот қателігінің қаупі тым үлкен. Бұл тек Қазақстанға ғана қатысты емес, прецеденттер тіпті ең өркениетті елдерде де болған.

— Әлемде қанша адам өлім жазасына кесілді, ал үкім орындалған соң олардың  кінәлі емес екендігі анықталды. Бірақ оларды қайтару мүмкін емес, — дейді заңгер.

Бірақ жемқорларды өмір бойы түрмеге отырғызу туралы ұсыныс Ковлягинаға ұнады.

—Жемқорлар халықты тонап, мемлекеттің экономикалық негізін бұзады. Бұл ақшаны әртүрлі әлеуметтік бағдарламаларға жұмсауға болар еді, бірақ олар ұрланды. Сыбайлас жемқорлық— бұл ауыр қылмыс және жазасы да қатал болуы керек, — дейді ол.

Қазіргі жазалар, әсіресе олардың орындалуы тым жеңіл, дейді заңгер. Тіпті сот қаражатты толық көлемде қайтаруға шешім қабылдаса да,

тергеу барлық эпизодтарды дәлелдей алмайды. Сондықтан ұрланған нақты сома әрқашан үкімде көрсетілгеннен көбірек болады

— Яғни көп ұрлауға мотивация бар. Олар түрмеге отырса да, ақшасын төлеп ертерек бостандыққа шыға алады.  Сондықтан жазаны қатаңдату кереу,  — деп Ковлягина пікірін білдірді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз