Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Алматыда жаңа екі метро станциясының құрылысы басталды

166
Дереккөзі: kapital.kz

Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ернұр Әбжаханның айтуынша, бүгінде метрополитеннің бірінші желісінің екінші кезегін іске қосу кешенінің құрылысы жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz. Ол «Сарыарқа» және «Достық» станциялары және ұзындығы 3,1 км болатын Абай даңғылының бойымен Алтынсарин даңғылынан Момышұлы көшесіне дейінгі метро желісін қамтиды.

— 2021 жылдың соңында құрылысты аяқтау жоспарланған, қазір жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде, қаржыландыру толық көлемде қамтамасыз етілді, — деді Әбжахан.

Сондай-ақ, биылғы жылы үшінші іске қосу кешенінің құрылысы басталды, оған ұзындығы 2,4 км болатын, Абай даңғылы мен Яссауи көшесінен Әшімов көшесіне дейін және солтүстік бағытта Әшімов көшесі Қалқаман ш.а. дейінгі «Достық» станциясы — «Қалкаман» станциясы аралық тоннельдері кіреді.

— Дайындық жұмыстары басталды, Қарғалы өзені арқылы өтетін туннель бар, желдету қондырғысын орнату мақсатында зерттеулер жүргізілді. Уақытылы үздіксіз қаржыландыру кезінде құрылыс 3 жылға жоспарланған, деп түсіндірді Әбжахан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз