Маусым айында Қырғызстанға секундына 10 000 теңге кетіп отырған.
Маусым ақша аудару жүйесі (ААЖ) арқылы ең үлкен қаржы ағыны жасалған ай болды. Ұлттық банктің мәліметінше, бір ай ішінде республикадан шетелге 92,8 млрд теңге аударылған. Бұл әдеттегі көрсеткіштерден әлдеқайда көп.
Айта кету керек, 2020 жылдың сәуір айында шетелге аударымдар көлемі күрт төмендеді. Бұл көбінесе бүкіл әлем бойынша енгізілген карантиндік шараларға байланысты болса керек. Аударымдардың жалпы сомасы 22,5 млрд теңгені құрады. Нәтижесінде:
2018 жылдың қаңтар-маусым айында 281 млрд теңгеге аударылса, бірінші жарты жылдықта Қазақстаннан 314,6 млрд теңге кетті
Аударымдар көлемінің өсуіне негізінен төрт бағыт әсер етеді.
Бірақ Қырғызстанға аударылған қаржы көлемі әлдеқайда артқан.
Қазақстандағы байларға салынатын салық: көлемін қашан арттырады және нәтижесі қандай болады? —
2018 жылы орта есеппен мұнда 5,5 млрд теңге, 2019 жылы – 7,3 млрд, 2020 жылдың бірінші тоқсанында – 5,8 млрд теңге аударылған. Ағымдағы жылдың мамыр айында аударымдар көлемі күрт өсіп, 18,9 млрд теңгені құрады.
Нәтижесінде, Қырғызстан Ресейді бірінші рет басып озып, әлемнің барлық елдері арасында бірінші орынға шықты. Маусым айында тағы бір маңызды көрсеткіш белгіленді: аударым көлемі 26,4 млрд теңгені құрады. Әлемнің бірде-бір еліне бір айда мұнша көп ақша кеткен жоқ. Орта есеппен Қазақстаннан Қырғызстанға әр минут сайын 610 мың теңгеден аударылды.
Қазақстанға шетелден аударылатын қаржы көлемі азайған. Бір ай ішінде ААЖ арқылы елге 26,3 млрд теңге келді. Бұл мамыр айына қарағанда шамамен 6 млрд теңгеге көбірек (сонымен қатар ағымдағы жылы тіркелген ең жоғары мән), бірақ 2019 жылдың маусымымен салыстырғанда 906 млн-ға аз.
13 ай бойы шетелден келетін ақша көлемі біртіндеп төмендеуде. Осы уақыт ішінде алынған қаражат көлемі бір жыл бұрынғы көрсеткіштен төмен болған. Жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстанға 45 млрд теңге аз келген. Биылғы қаңтар-маусым айларының аралығында 127,6 млрд болса, былтыр осы уақытта 172,6 млрд ақша аударылған.
Бірінші кезекте бұл дәстүрлі бағыттар бойынша аударымдардың азаюымен байланысты. Мысалы, маусым айында Ресейден Қазақстанға 7,6 млрд теңге аударылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 млрд теңгеге аз. Кореядан түскен түсім 936 млн теңгеге төмендеді. Сонымен қатар Украина мен Тәжікстаннан келіп түсетін аударымдар қысқарды.
Алайда кейбір басқа бағыттар бойынша ақша аударымының артқанын байқауға болады. Мысалы, маусым айында ААЖ арқылы Германиядан 1,56 млрд теңге келді, бұл соңғы 3,5 жылдағы ең жоғары мән. АҚШ-тан келіп түскен аударымдар 2,2 млрд теңгені құрады – соңғы жылдары тек бір рет бұдан жоғары көрсеткіш тіркелген еді (2019 жылдың тамызында – 2,22 млрд). БАӘ мен Қырғызстаннан аударылған қаржы көлемі орташадан жоғары мәнге ие болды, тиісінше 333,8 млн және 3 млрд теңге.