Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Нарықты қорғау: ресейлік бензин 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстанға әкелінбейді

178

Энергетика министрлігі тыйым салу өндірілетін және тұтынылатын мұнай өнімдерінің көлемі арасында оң теңгерім қалыптастырғанын хабарлады. Қазақстанда ЖЖМ қорларының көлемі жоғары болғаны сонша, импорттық жеткізілімдер отандық мұнай өңдеуді парализдеуі мүмкін. Тізбек бойынша алдымен МӨЗ мұнай өнімдерін жөнелту көлемін қысқартар еді. Зауыттық резервуарлық парктерде тауарлардың іркілуі болатыны анық. Бүкіл ел ішіндегі қорлар да күн санап артқан сақтау көлемін игере алмас еді.

Өндіріс көлемі

Мұнай өңдеудің мәжбүрлі төмендеуі басқа да бағалы және тапшы мұнай өнімдері — дизель және авиациялық отын өндірісінің қысқаруына себеп болады.

2019 жылы Қазақстанда 17 млн тоннадан астам мұнай өңделіп, 12,7 млн тонна мұнай өнімдері өндірілді. 4,5 млн тонна автобензин, 4,8 млн тонна дизель отыны, 625 мың тонна авиакеросин шығарылды.

2020 жылы Энергетика министрлігінің болжамынша, МӨЗ-нің өндірістік көрсеткіштері 12,5 млн тонна мұнай өнімдері белгісімен тоқтайды

2020 жылғы қаңтар-сәуір аралығында 5,2 млн тонна мұнай өңделді, бұл жоспарлы көрсеткіштің 96,3%-ын құрады.

Сәуір айында Павлодар МӨЗ өз қызметін жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты тоқтатты, ал 2020 жылдың бірінші тоқсанында Ақтөбе мұнайын айдаудың тоқтатылуына байланысты қайта өңдеу көлемін қысқартты. Атырау МӨЗ қуатының жүктемесін арттырды.

Мұнай өндіру көлемінің қысқаруы

Қазақстан еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осындай түбегейлі шараларды бұған дейін де қолға алған еді. 2018 жылы да Ресейден әкелінетін ЖЖМ импортына тыйым салынды. Сол кезде ресейлік серіктестер Қазақстанның өз мүддесін қорғау үшін қабылдаған шарасына түсіністікпен қарады. Сонымен қатар, Ресей Қазақстандық ЖЖМ экспортына өз көмегін ұсынды.

Айта кетейік, ОПЕК+келісімінің орындалуына байланысты мұнай өңдеу көлеміне өндірістің қысқаруы да әсер етті

23 маусымда Үкімет қаулы қабылдады, оған сәйкес экспорттық көлемдерге пропорционалды орта, ірі және алып кен орындарының жер қойнауы учаскелерін пайдалануына уақытша шектеулер енгізілді.

«Қабылданған тәсіл ҚР ішкі нарығының мұнай өнімдеріне қажеттілігін, сондай-ақ өндірісті табиғи төмендету кезеңіндегі ірі жобалар мен ескі кен орындарында мұнай өндірісін азайту жөніндегі міндеттемелерді әділ бөлуге мүмкіндік береді», – делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында.

Осылайша, мемлекет қазақстандық кен орындарының авариялық тоқтау тәуекелін қысқартты. Сондай-ақ мұнай экспортынан түсетін ақшаның тұрақтылығын қамтамасыз етті.

ОПЕК+ қатысушыларының мұнай өндіру көлемінің қысқаруы мұнай бағасының динамикасындағы оң үрдіске және мұнай нарығындағы теңгерімсіздіктің азаюына әкелді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз