Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.
—АӘК алатын адамдар, зейнеткерлер және осы уақыт ішінде жұмыс тапқан адамдар, сондай-ақ студенттер, бала емізетін әйелдер төлемге үміткер бола алмайды. Біздің заңнама бойынша студенттер экономикалық белсенді халыққа жатпайды, өйткені экономикалық жұмыспен қамтылмайды. Бірақ жұмыс істейтін студенттер бір реттік төлем ала алады, — деді министр. Оның сөзін Zakon.kz келтіреді.
Сондай-ақ қатаң шектеу карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты табысын толық жоғалту фактісі расталмаған тұлғаларға да біржолғы төлем төленбейді, соның ішінде:
- егер жұмыс берушінің, жеке кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын тұлғаның немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасалған заңды тұлғаның қызметі қатаң шектеу карантиндік шараларын енгізумен шектелмесе;
- жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында немесе әлеуметтік демалыста жүрген, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес маусымдық жұмыста істейтін адамдарға;
- ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында бірыңғай жиынтық төлемді төлеу фактісі жоқ ҚБП төлеушілеріне;
- ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында міндетті зейнетақы жарналарын төлеу фактісі жоқ МЖӘ шарттары бойынша табыс алатын жеке тұлғаларға;
- зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік жәрдемақыларды, атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға, МӘСҚ-дан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылған адамдарға және «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңға сәйкес жұмыс күшінің құрамына кірмейтін, шектеу карантиндік шаралар кезеңінде ҚБЖ-ны бірінші рет төлеген адамдарға;
- қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде мемлекет толық қамтамасыз ететін адамдарға;
- бұрын біржолғы төлем алып, қазіргі кезде табысын қайта қалпына келтірген азаматтарға.