Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қашықтан оқыту жеңіл өнеркәсіпке үлкен соққы болды — сарапшы

166

Бір ай бұрын Любовь Худова Білім министрі Асхат Аймағамбетовке хат жолдады:

«Жағдай Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп өндірушілерінің оқушыларды мектеп формасымен қамтамасыз етуі секілді маңызды аспектіні қозғады. Олар мектеп маусымы кезінде мектеп формасын тігу үшін материалдық және еңбек ресурстарына үлкен инвестиция салады», — делінген хатта.

Министр «Жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта өтетініне…» сендірді.

Алайда, қазір оқушылардың бірінші тоқсанда қашықтықтан оқитыны, ал мектеп формасы айтарлықтай жеңілдетілетіні туралы сөз болып отыр. Бұл шешімдердің мотивтерін түсіну оңай, бірақ денсаулық пен жұмыс орындарын сақтаудың арасындағы тепе-теңдікті қалай табуға болады?

— Любовь Николаевна, Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің карантиндегі жағдайы қалай?

— Қалыптасқан экономикалық тұрақсыздық жағдайында бізге бизнес мәселелері бойынша өтініштер келіп түсуде. 2020 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша,  салада 1 097 кәсіпорын бар, оның ішінде 12-сі ірі, 24-і орта және 1061-і шағын кәсіпорын. Жұмысшы қызметкерлердің 90%-ы әйелдер. Кәсіпорындар бөлшек сатып алушыға да, В2В сегментіне де бағытталған (business to business — өзара іс-қимыл түрі, заңды тұлғалар басқа бизнеске, өздері секілді  кәсіпкерлерге жұмыс істейді— ред.). Сауда нүктелерінің жабылуына байланысты сатылым деңгейі күрт төмендеп, кейбірі тіпті қызметін толық тоқтатуға мәжбүр.

В2В секторда жұмыс істейтін кәсіпорындар «алдағы уақытта келетін шығындарды» күтіп отыр. Ұлттық валюта құнсызданды, ал шикізатты елден тыс жерлерде валютамен сатып аламыз.

Осыған байланысты тоқыма және жеңіл өнеркәсіпті (ЭҚЖЖ-13,14,15) жағдайдың нашарлауынан зардап шеккен салалар тізбесіне енгізу қажет деп есептейміз.

— Қашықтықтан оқытуға көшуге байланысты мектеп формасы талап етілмеуі де  мүмкін. Өнеркәсіптің осы секторы қалай аман қалады?

— Әрине, бұл үлкен соққы болады. Кәсіпорындар жаңа оқу жылына дайындалып, 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап мектеп формасын дайындауды бастады.

Қажетті шикізат сатып алынды, өнім өндірілді, жұмысшыларға жалақы, салықтар төленді. Қазір барлық жоспарымыз бұзылды

Бұл дегеніміз –кәсіпорындардың толық тоқтауы. Көбісі жабылуы мүмкін.

Біздің қауымдастық білім министріне хат жолдады және келесідей жауап алды:

«Жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта өтеді. Мектептегі дәстүрлі күндізгі оқу ең тиімді және ыңғайлы формат, өйткені білім беру процесі – бұл ақпаратты беру ғана емес, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу және әлеуметтендіру».

Енді бір жақты тәртіпте мектеп формасын алып тастау туралы шешім қабылданды. Алайда классикалық форма сақталады деп жазылған. Ешбір түсініктеме де бермей отыр. Бұны қалай түсінуге болады? ИИДМ және салалық қауымдастықтармен келіспей бір жақты шешім қабылданды, ол бизнеске күрт әсер етеді.

— Жеңіл өнеркәсіпті қолдау үшін біздің мемлекетіміз қандай шаралар қолдануда?

— Бүгінде үкіметтік қолдаудың үш пакеті бар, бірақ олар зардап шеккен салалар тізіміне енген кәсіпорындарға бағытталған. Біздің сала ол тізімге кірмейді. Бұл қаулыда өңдеуші өнеркәсіп саласындағы ШОБ-ке салық есептілігінің мерзімін 31.03.2020-дан 31.05.2020-ға дейін ауыстыру көзделген.

— Сіздің қауымдастығыңыз ШОБ-ға қандай қолдау шараларын көрсетіп жатыр?

— ҰЭМ министрі Р.Е. Дәленовпен, ҚР Сауда министрлігімен, ҚР ИИДМ өкілдерімен Шағын және орта бизнес комитетінің алаңында тұрақты негіздегі жұмыс кездесулері өткізілді,  онда проблемалық мәселелер талқыланып, бизнесті қолдау шаралары әзірленеді. Біз жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдау шараларын пысықтадық.

Бұдан басқа, осы бизнес саласындағы кәсіби мамандардың бастамасы бойынша жаңа жағдайда жеңіл өнеркәсіпті дамытудың бес жылдық индустриялық картасына ұсыныстар дайындау бойынша жұмыс басталды.

Еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының және баса да  тәуелсіз сарапшылардың көмегімен халыққа неғұрлым әлеуметтік маңызы бар тауарларға маркетингтік зерттеу жұмысын бастадық.

Бұдан басқа, қолда бар өндірістік алаңдардың деректері дайындалады, нарықтың жоспарлы қажеттілігі, жеңіл өнеркәсіп тауарларының экспорты мен импорты бойынша деректердің серпіні болжанады.

Бірақ жалпы жеңіл өнеркәсіптің жағдай өте қиын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз