Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-11
USD
524
+0.41
EUR
550
-0.35
RUB
5.01
+0.08

Кейбір оқушылар мектептерде оқитын болады

255
Иллюстративтік сурет: Екатерина Петрова / «Русский репортер»

Осылайша,  эпидемиологиялық жағдайы қолайлы ауылдық аудандарда тұратын 127 мың бала немесе еліміздің барлық оқушыларының 4% -ы сыныптарға оралады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке сілтеме жасай отырып  Орталық коммуникациялар қызметі хабарлады.

Сонымен қатар бірінші сынып оқушылары үшін ата-анасының жазбаша өтініші бойынша сыйымдылығы 15 баладан аспайтын кезекші сыныптар ұйымдастырылуы мүмкін. Таңертеңнен бастап кезекші сынып оқушыларының температурасы өлшенеді. Барлық сабақтар бір кабинетте өткізіледі, ол жиі желдетіліп, кварцтау технологиясын қолдану арқылы тазаланады. Бір сыныпқа тек бір педагог келеді.

«Алдағы уақытта халық арасында вирус жұқтыру деңгейінің тұрақты төмендеуіне байланысты санитарлық талаптарды сақтай отырып мектептерді аралас және штаттық оқыту форматтарына біртіндеп ауыстыратын боламыз», —

деді Аймағамбетов .

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз