Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

COVID-19-бен күрес үшін шетелдерден жіберілген гуманитарлық көмекті дәріханаларда сатуда — блогер

211
Дереккөзі: Facebook

Наргиз Северная атты Facebook қолданушысы өзінің бақылауларымен бөлісті.

«Кеше түн ішінде, кешкі сағат 10-нан кейін мен бір таңғаларлық істің куәсі болдым. Дәріханаға дәрі-дәрмектер партиясын әкелді. Түн ішінде, жабылғаннан кейін. Кейбір қораптарда Qatar Airways деген жапсырмалар болды.

Мен бұл қораптарға ешқандай назар аудармайтын едім. Бірақ! 2020 жылдың 21 мамырында, бір айдан астам уақыт бұрын астаналық әуежайға гуманитарлық көмек мақсатында жіберілген жүгі бар Катар корольдік авиажелілерінің Dreamliner арнайы борты келіп қонды.

Катар шейхы Тамим бен Хамада Аль-Тани  8,4 тонна қорғаныс құралдары мен дәрі-дәрмек препараттарын жолдады

Ал енді ең қызығын айтайын. Қазақстан Республикасындағы  гуманитарлық көмектің жалғыз операторы — «СК-Фармация». Ол елімізге дәрі-дірмектердің деткізілуіне жауапты. Тамим шейхы өзінің жіберген көмегін таратудың орнына, еш ұялмастан алып-старлық бағамен сатады деп ойламаған да шығар. Мен бұл жай ғана кездейсоқтық болса екен деп үміттенемін. «СК-Фармация»,  сіздер гуманитарлық көмекті сатасыздар ма? Бірақ олай болса да таңғалмаймын», — делінген жазбада.

«СК-Фармация»-ның жауабы

Көп ұзамай фармацевтикалық оператордың баспасөз қызметі Севернаяның жазбасына қатысты жауап берді. Онда келіп түскен барлық гуманитарлық көмек қазақстан аймақтарына бөлінеді, бірақ оның алдында сапасы мұқият тексеріліп, сұрыптаудан өтеді деп сендірді. Алайда, бұған қатысты да блогердің қояр сұрағы бар.

«Qatar Airlines компаниясының Dreamliner борты 2020 жылдың 21 мамырында қонды. Осы уақыт ішінде Қазақстан COVID-19-дың таралу жылдамдығы бойынша бірінші орынға шықты. Елде апатты жағдай орын алды. Дәрігерлер де вирус жұқтырып, қайтыс болуда. «Фейсбукте» күнде біреуінің сүреті жарияланып мен қаралы хабарды етиміз. Ал  ҚР-дағы жалғыз гуманитарлық көмек операторы «СК-Фармация» 50 күн бойы қорғау құралдары түріндегі гуманитарлық көмекті  қоймада сақтайды. Сонда компания кімге және қанша жіберу керегін 50 күн бойы шеше ме? Бұл қаншалықты дұрыс? Бұл халыққа қарсы жасалған қылмыс емес пе? Пандемияның қызған кезінде көмекті қалай бөлу керегін 50 күн бойы шешуге бола ма», — дейді жазба авторы.

Наргиз Севернаяның пікірінше, мұндай былық гуманитарлық жүктің басқа да партияларына қатысты болуы мүмкін.  Мысалы, ДДҰ, АҚШ және Қытайдан да көмек жіберілді емес пе?

«Егер сіздер осындай дағдарыс жағдайында гуманитарлық көмектің бір партиясын жөнелту жоспарын 50 күннің ішінде бекіте алмасаңыздар, сәуір айынан бастап осынша көлемді не істейміз деп бас қатырып отырсыздар деп айтуға болатын шығар? Ал біз бұл миллиондаған доллар мен гуманитарлық көмек қайда кетті деп ойымыз сан-саққа кетті. Кімге және қанша беретіндеріңізді шешу үшін жарты жылдай уақыт керек шығар онда. Ол кезде бұл көмектің пайдасы бола ма, жоқ па белгісіз! Жауабы жоқ сұрақтарым өте көп », — деп түйіндеді блогер.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз