Бұған дейін бұл зауытты Гулнар Каримованың жақын туыстары бақылауда ұстаған еді.
Жаңа басқарушы штатты қысқартып, жалақыларын төмендеткен. Қызметкерлердің бір бөлігін басқа аудандардағы құрылыстарға қара жұмысшы ретінде жіберген, олар кейін өздерін жай ғана жұмыстан шығарып жібере ме деп қорқады.
Бір аптадан кейін басшылық шағымға қол қойғандарды бір-бірден шақырды. Қызметкерлер өздерін жұмыстан шығарамыз, тіпті қылмыстық іс қозғаймыз деп қорқытты дейді. Қол қоюшылардың бірі зауыттың бұрынғы директорынан пара алды деп айыпталуда.
Сонымен қатар, қызметкерлер
күн сайын зауыт аумағынан шығатын салмағы 25-30 тонна есепке алынбаған бензовоз қайда кететінін түсіндіріңдер
деген талабы үлкен наразылық тудырды деп отыр.
Кадр бөлімінің қызметкері штаттың қысқартылғанын және шағымға қол қойғандарды жеке-жеке «әңгімелесуге» шақырғанын растады.
– Біздің қызметкерлер президент атына ұжымдық шағым жазғаннан кейін, хат және өтініштермен жұмыс бөлімінің қызметкерлері олармен әңгіме жүргізді. Олар қызметкерлердің наразылығын сұрады. Алайда ешкім оларға қысым көрсеткен жоқ, қорқытқан жоқ. Ұжымдық шағымға қол қойған барлық адамдар өз орындарында жұмысын жалғастыруда. Ауыр қаржылық жағдайға байланысты біз кейбір цехтарды құрылыс-монтаж цехына қосуға мәжбүр болдық. Біз қызметкерлеріміз табысынан айырылып, көшеде қалмауы және қандай да бір табыс табуына жағдай жасау үшін уақытша құрылыс жұмыстарына тартудамыз.
Шынымен де қызметкерлердің жалақыларын қысқартып, сыйақыларды алып тастауға мәжбүр болдық
Бірақ әзірге ешкімді жұмыстан шығарған жоқпыз, – деген кадр бөлімі қызметкерінің сөзін портал келтіреді.
Ферғаналық МӨЗ ұзақ уақыт бойы Гулнар Каримованың немере ағасы Акбарали Абдуллаев пен оның анасы Тамара Акбарова қадағалаған.
Әндіжан облысының Бустон ауданының шаруаларынан Сардоба су қоймасының жарылуының салдарын жою үшін ақша аударуды талап еткен. Бас тартқаны үшін жергілікті билік жер телімдерн тартып аламыз деп қорқытуда. Бір апта уақыт берген.
– Әрбір фермерден 2 миллион сумнан (200 АҚШ доллары) тапсыруды талап етті. Ақша беруден бас тартқандарға жер телімін тартып аламыз деп сес көрсетуде. Жақында ғана шаруалар «Мейірімділік және қолдау» қорына (карантин кезінде мұқтаждарды қолдау үшін құрылған) 1-2 миллион сомнан ақша тапсырды, – деп мәлімдеді фермерлердің бірі.
Адамдар үнемі қайырымдылық мақсатта ақша беруге мәжбүрлейді деп шағымдануда. 2020 жылы мүлдем жиілеп кеткен.
Аудандық әкімшіліктің қызметкері сес көрсеткенін жоққа шығармады. Бірақ бұл жай ғана қорқыту болған. Шын мәнінде ешкім де жер телімін күштеп ала алмайды деп мәлімдеді.
– Шындығына келсек, көптеген шаруа қолында ақша бола тұра, қайырымдылыққа қаржы бөлгілері келмейді.
Сондықтан оларды сәл-пәл қорқытуға тура келеді
Алайда оны қорқыту деп айтуға болмайды. Шаруаның жерін тартып алу оңай деп ойлайсыз ба? Бұл мәселеге президенттің өзі аса үлкен көңіл аударып отыр. Аудандық әкімшілік өзіне қайырымдылық көмек сұрап отырған жоқ қой. Қазір бүкіл ел болып Сардоба қоймасына көмектесуге тырысуда. Осындай қиын кезде біздің ауданымыздың шетте қалып қойғаны ұят болады, – дейді ол.