Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Путин Конституция бойынша дауыс берудің алдында «ұпай жинауда» — Сұлтанов

300
Сурет: «Восток-Медиа»

Владимир Путиннің бірқатар посткеңестік мемлекет құрамындағы «дәстүрлі ресейлік тарихи аумақтар» туралы фразасы көптің көңілін аударды. Кейбіреулер онда империялық амбициялардың көріністерін көрсе, ал басқалары сол арқылы көршілеріне алдағы аумақтық бөлініс  туралы «астарлап жеткізді» деді.

Саясаттанушы Болат Сұлтанов бұл пікір ең алдымен Путиннің алдағы маңызды оқиға қарсаңында «ішкі мақсатта пайдалану» үшін айтылған деп санайды.

Қазақстанға ешкімнің территориялық талабы жоқ

— Болат Қылышбайұлы, Путиннің пікірі қоғамды дүрліктіргені рас. Кейбіреулердің пікірінше, Путин аталған территорияларды кері қайтаруға тырысады. Соның ішінде бізге да талап қояды деп отыр. 

— Ондай ешнәрсе жоқ. Біріншіден  Қазақстан мен Ресейдің арасында ешқандай территориялық талап жоқ. Оның басқа көршілерімен де солай. Бізде шекараны белгілеу туралы келісімге қол қойылған, сондықтан бұған қатысты алаңдаудың қажеті шамалы. Бұл нұсқалардың еш негізі жоқ.

— Бізге еш талабы жоқ та шығар, бірақ басқа да посткеңестік елдер бар емес пе? Сонда ресейлік президенттің сөзін қалай түсінеміз?

— Біріншіден, жерді қайтару туралы ол ештеңе айтқан жоқ. Екіншіден, менің ойымша, бұл сөз толығымен «ішкі мақсатта пайдалануға» арналған. Себебі Ресей 1 шілдеде өтетін Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша дауыс беруге дайындалуда.

Осылайша Путин өзінің беделін, «Ресей қоғамының барлық топтарының қорғаушысы» бейнесін нығайтуға тырысады»

Ресей қоғамында (ең алдымен либералды ортада) Путиннің өз өкілеттігін ұзартуға ұмтылуына риза емес. Ал қазір ол қосымша саяси ұпай табады.

Әрине, Ресей Президентінің тезистері орынсыз және уақтылы емес. Бірақ тағы да қайталаймын,

ең алдымен көршілерді қорқыту үшін емес, өз азаматтарына арналған

Бұл сыртқы саяси дискурстың бөлігі емес. Сондықтан қараңғы бөлмеде қара мысық іздеудің қажеті жоқ.

Ең бастысы бір көршіні кінәлі қылу керек

— Алайда, басқа күштер ресейлік президенттің бұл пікірін өз мақсаттарына пайдалана бастады. Қазір халық басқа мәселеге алаңдаулы: пандемия және соған байланысты қоғамның жіктелуі, кедейлік.  Менің ойымша, біреулер түймедейден түйедей етіп, қоғамдағы наразылықты сыртқы арнаға бағыттауға тырысады. Әрине, Солтүстік пен Шығысқа, өйткені оны Батысқа ешқашан бағыттамаған.

Қазір экономикалық, саяси ауырлық орталығы да шығысқа қарай жылжитын болады. АҚШ-қа қарағанда Ресей мен Қытай  пандемияның қиындықтарын жеңе білді.  Сондықтан АҚШ-тың беделі төмендейді, әлемде наразылық күшейе түсуде. Сонымен қатар, қазіргі тәртіпсіздіктер Америка қоғамының ішіндегі қайшылықтардың күшеюіне де байланысты.

Осы тұрғыда бүкіл әлемдік кеңістікте ұлтшылдық  және елден тыс  жерден кінәлілерді табуға тырысу күшейе түсуде. Оны демагог-саясаткерлер мен олардың қызметкерлері пайдаланып қалуда. Олар сыртқы факторларды кінәлі етіп көрсету үшін кез келген мүмкіндікті бос жібермейді.

Тағы бір мәселе бар.Тоқаевтың Ресейге сапары қарсаңында тағы бір ызалы әңгіме басталғанына назар аударғым келеді. Бұл да бірінші рет емес.

Ресей президентінің орынсыз және уақтылы емес сөздері отқа май құйғандай болды

Олар осы арқылы алдағы келіссөздердің нәтижелеріне әсер етуге тырысуда, немесе

Тоқаевтың ішкі мәселелерді шешуіне, соның ішінде серіктестерді тарту арқылы шешуіне кедергі жасағылары келеді

Бірақ, қастық жасауға тырысатындар қарапайым нәрсені естен шығарып отыр, ең алдымен өз Президенті мен үкіметін қолдап, қоғамдық сенім мен көршілермен қарым-қатынасты нығайту қажет. Әйтпесе, сіз таяқтың екінші ұшы өздеріне тиюі мүмкін.

Газпромда қиындықтар туындады — Еуропа ресейлік газдан бас тартты

«Ішкі мақсатта пайдалануға» арналған пікір

Ресейде қазіргі жағдайы өте күрделі , ол бүкіл аумағындағы проблемаларын шешуі керек. Территориясын кеңейтудің еш қажеті жоқ

Қазір бүкіл әлемде коронавирустан кейінгі кезеңге өтуге дайындалуда. Бүкіл прагматизм экономикалық рецессия жағдайында азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге негізделеді.

https://kaz.365info.kz/tramp-immigranttarga-arnalgan-zhymys-vizasynyn-kyshin-zhojdy-silikon-alkhaby-yzildi-kesildi-kharsy-349902

Мысалы, АҚШ Конгресі халықты қолдау үшін 2,3 трлн доллар бөлді. Бұл жағдайда қандай да бір аумақтық талаптар туралы айту мүмкін емес.

Қорытындылайтын болсам, Ресей Президентінің тезистері орынсыз және мезгілсіз болды.

Дегенмен, қандай да бір  «жерді қайтару» немесе осыған ұқсас мәселе туралы сөз болған жоқ

Путин Конституцияға енгізілген түзетулер бойынша дауыс беру қарсаңында отандастар алдында қосымша беделге ие болады. Бұл сөз басқа елдерге емес, ресейлік қоғамға бағытталған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз