23 маусым күні Қырғызстан президенті Сооранбай Жээнбеков Мәскеуге келгенімен, 24 мамырда өткен Жеңіс күніне арналған шеруде көрінбеді.
«Алгоритмге сәйкес, Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков, делегация мүшелері мен бірге келген адамдар COVID індетіне тест тапсырды, —
деп хабарлады Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі. —
Қырғыз республикасының президент аппаратының сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Данияр Сыдыков пен күзет қызметінің бір қызметкерінен коронавирус анықталды.
Алгоритмге сәйкес, президент Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шараға қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдады».