Коронавирус инфекциясына қарсы, ДДСҰ-ның тізіміне енген қазақстандық вакцинаның сынау жоспары белгілі болды.
«Желілік тышқандарға сынақ өткізіліп, қауіпсіздігі, иммуногендігі тексерілді, —
деген министрдің сөзін inform.kz келтіреді —
23 маусымда вакцинаның уыттылығы мен аллергиялық қасиеттері зерттелетін болады. Маусым-шілде айларында тышқандар мен егеуқұйрықтардағы кандидаттық вакцинаның уыттылығының өткірлігі, сондай-ақ күзендер мен сириялық алтын атжалмандар арқылы имуногенділігі зерттеледі. Шілде-тамыз айларында — приматтарға сынақ өткізілсе, қыркүйекте — клиникалық сынауға шығарылады».
Аймағамбетовтың айтуынша, республикада тағы төрт вакцина әзірленуде, оның ішінде рекомбинантты қосалқы бірлікті және рекомбинантты векторлық вакциналар бар.