Өзбекстанда билік карантиндік шаралардың 1 тамызға дейін ұзартылатын хабарлады. Алайда көршімізде коронавирус жұқтырғандардың өсу қарқыны аса жоғары емес — 85 адам. 32 миллион халқы бар елде індеттен 19 адам қаза болды.
Ресми статистикаға сәйкес, Өзбекстанда:
5 103 адамның коровирус жұқтырғаны расталды;
3 943 адам емделіп шықты;
19 адам көз жұмды.
Карантиннің ұзартылатыны туралы коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі арнайы республикалық комиссия Telegram желісіндегі парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды Фергана.
Комиссия
Өзінің қызметін қайта бастаған кәсіпорындар мен ұйымдардың (қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану, құрылыс және басқа а салалар)
қызметкерлерінен коронавирус инфекциясы анықталған жағдайда олардың карантин кезіндегі шығынын көтереді
Мемлекеттік мектеп алды мекемелері 1 тамызда, ашылардың алдында зарарсыздандырылып, кіре берісі мен шыға берісі пирометрмен жабдықталады.
Сонымен қатар
15 маусымнан бастап жасыл және сары аймақтарда орналасқан мемлекеттік емес мектепке дейінгі мекемелер ашылады.
Топтағы балалардың санына (15 адамнан артық болмауы керек) қойылған шектеу алынып тасталады.
Карантиндік шектеулердің сақталуына балабақша әкімшілігіне, ата-аналарға, қамқоршыларға жүктеледі
Келесі аптадан бастап жасыл және сары аумақтағы Өзбекстан аймақтары арасында теміржол хабарламалары жанданады.
Жалпы алғанда, Ташкент-Самарқанд-Ташкент бағыты бойынша «Афросиёб» жүрдек пойыздарының қозғалысына рұқсат беріледі.