Бұл үш жыл ішіндегі айлық сатылымдардың орташа мәніне қарағанда айтарлықтай жоғары.
Ұлттық банктің мәліметінше, 2020 жылдың мамыр айында қазақстандықтар банктер мен айырбастау пункттерінен 1 467 алтын құйма сатып алған. Жалпы салмағы – 62 килограм 165 грам. Бұл айтарлықтай көп.
Өткен кезеңдегі Ұлттық банктің деректерін ескерсек:
Басқаша айтқанда, қазақстандықтар салмағы жоғары құймаларды да сатып ала бастады.
2017 жылдан бастап халыққа жалпы салмағы 845 кг 60 г болатын 25 968 алтын құйма сатылды. Бұдан кейін:
Алматы қаласы алтынды сатып алу бойынша өңірлер арасында көшбасшы (сатудың жалпы көлемінің 50,3%-ы). Одан әрі Атырау (18,4%), Нұр-Сұлтан (11,4%) және басқа өңірлер (19,9%).
Айта кету керек, құймаларды сатуға болады, бірақ бұл қызмет сұранысқа ие емес. Ұлттық банктің деректеріне сәйкес, жалпы салмағы 3 010 г болатын 106 құйманы қайта сатып алған. Бұл алтын құймаларының инвестициялау мен жинақтарды жинақтаудың ұзақ мерзімді құралы болуымен байланысты.
Алтын қазір ең табысты құралдардың бірі. 2019 жылдың қорытындысы бойынша теңгемен есептегендегі құны 19,7%-ға өсті. Егер жылдың басында бір грамның ресми құны 15,9 мың теңгені құраса, соңында – 19 мың теңге дейін жетті. Ары қарай да өсуі жалғасуда.
12 маусымдағы бір грамның ресми құны 22 243,2 теңгені құрады. Бұл жыл басына қарағанда 3,2 мың теңгеге немесе 16,9%-ға көп
Наурыз айының екінші жартысында өсе бастады. Теңгенің әлсіреуі мен әлемдік бағаның өсуі алтынның қымбаттауына алып келді. Екі аптаның ішінде бір грамының бағасы 2,5 мың теңгеге қымбаттады.
24 сәуірде алтынның бағасы 24 007,48 теңге болып, өзінің тарихи шыңына жетті. Осыдан кейін бағасы төмендей бастады. Айдың соңына қарай алтынның бір грамының бағасы 23 мың теңгеден төмен түсті, ал 9 маусымда өзінің жергілікті минимумына жетті – 21,6 мың теңгеден сәл жоғары.