Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Әйел біткенді жек көріп өткен тарихтағы танымал тұлғалар

713

Аристотель

«Еркектер белсенді шығармашылық өмір үшін жаратылған. Әйелдер тәнсіз инертті материя, жаны жоқ болғандықтан оларды нағыз адамдардың қатарына жатқызуға болмайды».

Екі мың жылға жуық уақы бойы еуропалық ойшылдар Аристотелді құрметтеп, оны азамат тарихындағы ең ақылды адамдардың бірі деп есептеді. Әрине, оның данышпандығына күмән келтіре алмаймыз. Бірақ оның шексіз ақылы оған әйелдерді жаңа ешнәрсені жасай алмайтын жансыз жаратылыс, оларды нағыз адамдардың қатарына қосуға болмайды деп есептеуге кедергі келтірмеген.

Лев Толстой

Орыс әдебиетінің көрнекті өкілі де екіжүзді болған. Мен оны осы тізімге қоссам ба, жоқ па деп ұзақ ойландым. Бірақ кейіннен Лев Николаевичтің мына бір пікірі есіме түсті:

«Әйелді рухани әлсіз жаратылыс деп тану мейірімсіздік  емес, керісінше оларды еркектермен тең деп тану — мейірімсіздік»…

Осы сөзден кейін барлығы түсінікті болған шығар.

Артур Шопенгауэр

Пессимизмнің жыршысы бұл әлемнен еш жақсылық көрмей өткен, оны мүмкін болған әлемдердің ең нашары деп бағалады. Ал әйелдер  бұл әлемді одан бетер  нашарлата түседі деді.

Шопенгауэр:

«Әйелдер әсемдікке бейім емес, егер олар өнермен айналысса да, бұның бәрін жігіттерді қармағына түсіру үшін жасайды. Әйелдер табиғатынан ақылы таяз және бағынуға бейім.  Ақыл ойы балалардан аса көп емес болғандықтан, олар еркектерге қарағанда кішкентайларға жақсырақ қарайды. Сондай-ақ әйелдер сұрықсыз келеді. Иығы қысаң, бөкселері үлкен бұл жаратылысты жыныстық құмарлыққа мастанған бақытсыздар ғана әдемі деп табады».

Мартин Лютер

 

Мартин Лютер теология профессоры, композитор, дін қызметшісі, тақуа және протестанттық шіркеу реформасындағы ең басты тұлғалардың бірі. Бұл тізімге тағы бір титулды қосу керек, ол сексист болған.

«Құдайдың ісі мен сөзі айдан анық: әйелдер жар болу үшін немесе жезөкше болу үшін жаралған».

Лютердің айтуынша, егер сіз әйел болып туылсаңыз, сіздің екі таңдауыңыз ғана бар. Болды.

Конфуций

Сіздер  «Өзіңе тілемейтінді өзгеге тілеме» деген адамгершіліктің алтын ережесін білетін шығарсыздар. Басым көпшілігіңіз бұл пікірдің дұрыстығына келісетініңіз анық. Бірақ бұл пікірдің иесі де әйелдерді жақтырмаған.

«Жүздеген әйел бір жұмыртқаға тең келмейді» және «Табиғат әйелдерді еркекке бағыну үшін жартты».

Барлық үш пікірді атақты қытай саясаттанушысы, философ және ұстаз Конфуций айтқан.

Ницше

Ницше атақты ойшыл, жазушы, ақын және композитор… және әйелдерді жақтырмайтын адам.

Ол тіпті  өзі ғашық болып, әйелдердің ең ақылдысы деп санаған  Лу Андреас-Саломе туралы «жасанды омырауы бар, лас ұрғашы есек» деп жазған.

Әйелдер қауымының барлығын Құдайдың екінші қателігі (біріншісі жануарларды жаратуы) және еркектердің жекеменшігі деп есептеген. Ницшенің «Заратустра солай айтқан» атты кітабында:

«Әйелге бара жатса, қолыңа қамшы алып ал» деп жазылған.

Наполеон

Атақты француз императоры Наполеон Бонапарттың да әйелдерге көзқарасы ерекше болған.

«Табиғат әйелдерді біздің құлымыз етіп жаратты. Олар біздің жеке меншігіміз».

Гаутама Будда

Будданың өзі сексист болған деп кім ойлаған. Ол әйелдерді ақымақ және оның ілімін түсінбейді деп санаған екен. Будда:

«Әйелдер ақымақ, олар менің айтқанымды әрең түсінеді» деген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз