Елді экономикалық тұрақсыздық жайлады. Пандемияның кесірінен елдің ЖІӨ-нің басым бөлігін қамтамасыз ететін мигранттар екі ұдай жағдайда қалды. Шекара маңындағы қақтығыстар да күн санап артып келеді. Жемқорлыққа қатысы бар деп айыпталған адамдарды халық жазаласын деген пікірді ұстанған адамдар билікке ұмтылуда.
Сұлулық салондары, ТҚС, құрылыс базарлары мен өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметін қайта жандандырды. Кейінірек, 15 және 25 мамырда барлық негізгі шектеулер тоқтатылып, қоғамдық көлік жұмыс істей бастады. 30 мамырда Қырғызстанда 1 722 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Оның 1 113-і сауығып, 16-ы қайтыс болды. Соңғы күндері шетелден, сондай-ақ ел ішінде жаңадан келген азаматтардың арасында вирус жұқтырғандардың артқаны байқалады.
ТЖ режим тоқтатудың теріс салдары да болды. Қырғызстан үкіметі азаматтардың қозғалыс белсенділігін тежеуге мүмкіндік беретін ережелерді ойлап табуға тырысуда. Бішкек әкімдігі тұрғылықты жері бойынша берілетін анықтаманы алып жүруді міндеттегісі келген. Ойлағандарын іске асыра алмады. Муниципалитеттің азаматтарды кафелер мен барларға төлқұжатпен кіргізу туралы ұсынысы да сынға ұшырады.
Денсаулық сақтау министрлігінің шенеуніктері эпидемияның екінші толқынының болатынын және шектеу шараларының тоқтауы елдің эпидемологиялық қауіпсіздігіне кері әсер еткенін айтты
Бірақ Қырғызстан халқы қазір коронавирустан қорықпайды. Олар пандемияның экономикалық салдарына, халықтың осал топтарына қалай әсер ететініне алаңдайды.
Сонымен қатар, елде саяси белгісіздік атмосферасы бар. Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағандардың жазасын халық берсін, олардың мүлкін тәркілеу керек деген интернет-қолданушыларының танымалдығы күн сайын өсіп келеді. Ал билік өкілдерінің рейтингі барған сайын төмендеуде.
Мұндай жағдайда
Қырғызстан карантиннен шығып, саяси тұрақсыздықтың жаңа кезеңіне кіреді
Шетелде, атап айтқанда Ресейде табыс табатын Қырғызстан азаматтары өте қиын жағдайға тап болды. Карантиндік шараларға байланысты олар табыс көзін жоғалтып, Отанына орала алмай отыр. Қырғызстан СІМ РФ, Түркия, БАӘ және басқа да елдерден азаматтарын чартерлік рейстермен алып кетуге тура келді.
Оралғысы келетіндер көп. Мигранттар әлеуметтік желілерде түрлі елдердегі елшіліктердің жұмысына шағымдануда. Ал ресей-қазақ шекарасында Қырғызстанның жүздеген азаматы өте алмай қалды.
Келгендерді арнайы ұйымдастырылған обсервацияларда оқшаулануға мәжбүрледі, алайда мигранттардың басым көпшілігі наразылық білдіріп, кейбіреулері қашып кетуге тырысты.
18 наурызда Бішкек маңындағы обсервацияда бүлік шықты. Мигранттар дәрігерлерге шабуыл жасап, өздерін үй карантиніне жіберуді талап ете бастады. Олар полиция қызметкерлеріне тас лақтырып, машиналарын аударып тастауға тырысты. Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі зардап шекті.
Бұл ең қорқыныштысы емес. Елден тыс жерде жұмыссыз қалған мигранттар экономикалық проблемаларға ұшырауы мүмкін. Олар жыл сайын Отандарына $2 миллиардтан астам қаржы жіберіп, мемлекеттік табыстың қуатты көздерінің бірін құрады. Сонымен қатар, жергілікті халық та осы аударымдарға тәуелді еді.
Мигранттардың оралуы жұмыссыздық деңгейін одан бетер арттыруы мүмкін, ал бұл өз кезегінде елдің саяси тұрақтылығына әсер етеді.
Мамыр айының басында және соңында тәжік-қырғыз шекарасында тағы да оқ атылды. Даулы учаскелердегі жанжалдар тұрмыстық себептерден орын алады, жергілікті тұрғындардың арасында құрбан болағандар да аз емес.
Әдетте шекарашылар шиеленіскен қақтығыстардан кейін жақын маңдағы аудан тұрғындарымен келіссөз өткізіп, профилактикалық әңгіме жүргізеді. Бірақ бұл жолы олар соғысамыз деп шешім қабылдады.
Тәжікстанның шекара қызметі соңғы қақтығысқа жауап беріп, қырғыз әріптестерінің іс-әрекеттерін сынға алған мәлімдеме жасады.
«Қырғыз шекарашыларының әрекеті шекарадағы жағдайды жасанды түрде тұрақсыздандыруға әрекет ретінде бағаланады», — делінген мәлімдемеде.
Қырғызстан шекара қызметі көп күттірмей өз жауабын берді. Қырғыз қызметі мәлімдемесінде тәжік әріптестерінің сынымен келіспейтінін айтты. Атап айтқанда, онда былай делінген:
«Қырғызстан шекарашыларына оқ атқан Тәжікстан әскери қызметшілерінің іс-әрекетіне қарағанда, жасанды тұрақсыздандыру тек тәжік тарапына ғана тиімді. Олар шекараның қырғыз-тәжік бөлігінде жағдайды үнемі ушықтырып отыр».
Бірнеше күн бұрын РФ сыртқы саяси ведомствосының басшысы Сергей Лавров бұл мәселе ҰҚШҰ СІМК-де талқылауда жатыр және Мәскеудің Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекара маңындағы дауларды реттеу процесінде делдал болуға әзір екені туралы мәлімдеді. Тәжікстанның Сыртқы істер министрлігі көмек қолын созу ниетіне қарсылық нотасын жіберді және бұл мәселе қатаң түрде екі жақты тәртіпте шешілуі тиіс деді.
Нота тез арада қабылданды, онда РФ СІМ басшысы өтірік айтты деген айып тағылған.
«Жоғарыда аталған мәселе ҰҚШҰ СІМК барысында талқыланбады», — делінген мәлімдемеде.
Ферған алқабы Орталық Азияның ең маңызды әлсіз нүктелерінің бірі екенін түсіну қажет. Бұл аумақта қырғыздар, өзбектер және тәжіктер тұрады. Әлі күнге дейін шекараға демаркация жүргізілген жоқ, сол себеті түрлі қақтығыстар жиі туындайды. Сонымен қатар, өңірде жанар-жағар май, Халық тұтынатын тауарлар мен есірткі тасымалдаумен айналысатын контрабандашылар жұмысы етек жайған. Өзбекстанмен шекарада туындаған Шавкат Мирзиеевтің президенттігі басталғаннан кейін өлі жерден жылжымады. Тәжікстанмен қарым-қатынаста да әлі күнге дейін оң өзгерістер байқалмайды.
Карантиннің қызған тұсында «Чон Казат» (Үлкен жорық) қозғалысының танымалдығы артты. Ол туралы жергілікті БАҚ жазды, ал әлеуметтік желілердегі бұл қозғалыстың видеолары тарап кетті.
Ұйым басшылығында экономистер, заңгерлер, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті мен Бас прокуратураның бұрынғы қызметкерлері тұр.
Бұл қозғалыстың мүшелері биліктің олигархтармен күресуге қабілетсіздігін көрсетеді және сыбайлас жемқорлардың мүлкін тәркілеуге шақырады. «Чон Казат» жақтастарының пікірі бойынша, қазіргі жағдайда бұдан басқа амал жоқ.
Мұндай популистік риторика жергілікті аудиторияның талғамына сай келді. Оны жақтаушылар көп ұзамай шабуылдай бастады. Интернетте оларды халықтан шыққан кек алушылар ретінде елестетеді.
«Чон Казат»-тың алғашқы құрбаны Парламент депутаты Сыймык Жапыкеев болды. Белсенділердің ақпаратына қарағанда, ол 2,5 млрд доллардан астам сомаға ие және бұл қаражатты заңсыз жолмен иеленген.
Қозғалыс мүшелері жоғарыда аталған депутаттың мүлкін тексеру керек дейді,
әйтпесе, ондаған мың жақтасы бар жаңа қоғам өкілдері өз қолымен тәркілеуге ниетті
Соның арасынша депутаттың әріптестері де алаңдай бастады. Енді олар «чонказатшыларды» кімнің қаржыландыратынын тексеруді ұсынды. Әзірше, нақты іс-әрекеттер қабылданған жоқ, жанжал интернет-жанжал деңгейінде.
Өздерін қаржыландыру тұрғысынан тексеруді талап етеді. Қазіргі таңда нақты іс-әрекеттерге жеткен жоқ,
«Чон Казат» өкілдерінің өзі биылғы күзде өтетін парламенттік сайлауға қатысу ниеті туралы мәлімдеді.