Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-13
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

Коронавирус инвестиция бағытын өзгертті: денсаулық сақтау саласына басымдық берілді

267
Сурет: anderscpa.com

Статистика комитетінің мәліметінше, 2020 жылдың қаңтар-наурызында Денсаулық сақтау саласындағы негізгі капиталға бағытталған қаражаттың жалпы көлемі 16,2 млрд теңгені құрады. Сәуір айында – 16,7 млрд, яғни өткен үш айдың жиынтығымен салыстырғанда көбірек.

Республикалық бюджеттен 2,23 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 1,2 млрд теңге инвестицияланды

Қалғаны басқа қаржыландыру көзінен (яғни өз қаражаты, банк несиелері және басқа да қарыз қаражаты) болды.

Бұл ретте инвестициялардың басым бөлігі екі қалаға аударылды– Нұр-Сұлтан және Алматы. Астанада бір ай ішінде денсаулық сақтау саласына 7 млрд теңге, Оңтүстік мегаполисте 5,1 млрд теңге, үшінші орында Алматы облысы 2,2 млрд теңге қаржы салынды.

Тиісінше, республиканың қалған 14 аймағына 2,5 млрд. теңгеден аз қаржы бөлінді. Сәуір айында  Қызылорда (1,8 млн теңге) және Ақмола (1,3 млн теңге) облыстарына азырақ қолдау көрсетілді.

Бюджет қаржысы қайда кетті?

Сәуір айында «Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет» санатына 17,5 млрд теңгеден астам инвестиция артты, ал І тоқсанда 10,9 млрд теңгеге бөлінген еді.

Денсаулық сақтау саласымен салыстырғанда бұл қызмет түріне  көбірек қаражат бөлінді: республикалық бюджеттен 4,3 млрд теңгеге жуық және жергілікті бюджеттен 10,8 млрд. теңгеге жуық қаржы.

 Түркістан облысы басты бенефициар болды, онда сәуір айында ғана 12,2 млрд теңге бөлінді

Айта кету керек, сәуір айында инвестициялардың жалпы көлемінде қазынаның рөлі айтарлықтай артты. Егер І тоқсанның қорытындысы бойынша республикалық және жергілікті бюджеттердің үлесіне жалпы көлемнің 5,8%-ы келсе, сәуірде — 15,5%-дан астам. Үлеспен бірге салым көлемі де өсті: қаңтар-наурызда 132,2 млрд теңге болса, сәуірде – 112,3 млрд теңге жұмсалды.

Сәуір айында жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға (28 млрд.теңге), логистикаға (17,6 млрд. теңге), сондай-ақ сумен жабдықтау және қалдықтарды басқару операцияларына (17,3 млрд. теңге) көбірек инвестиция салынды.

Инвестицияның үштен бір бөлігі бір аймаққа бөлінген

Жалпы, сәуір айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 722,7 млрд теңгені құрады. Салынған қаражат көлемі бойынша  көшбасшы сол Атырау облысы болды – 263,3 млрд.

Яғни барлық салымдардың үштен бірінен астамы республиканың басты мұнайлы аймағына тиесілі болды. Дегенмен, бұл аз қалыпты жағдай,

4 айдың қорытындысы бойынша тартылған инвестициялардың жалпы көлеміндегі Атырау облысының үлесі 41,3%

Республиканың кейбір басқа өңірлеріне салынған қаражат көлемі айтарлықтай өзгерді. Мысалы, сәуір айында Шымкентке 20,8 млрд теңге инвестиция салынды. Ал өткен үш айда — 26,4 млрд.

Керісінше, Ақмола облысының көрсеткіштері төмендеді (сәуірде 14,9 млрд, ал І тоқсан қорытындысы бойынша 71,6 млрд теңге бөлінген еді). Батыс Қазақстан облысында —  тиісінше 24,6 және 133 млрд теңге.

Басты бағыт  – пайдалы қазбаларды өндіру

Тау-кен өнеркәсібі экономикалық қызмет түрлері бойынша инвестиция салынатын басты бағыт болып отыр. Жалпы 722,7 млрд теңгенің 342,2 млрд теңгесі дәл осы салаға бағытталды. Өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіштері бір есеге аз – 43,7 млрд теңге, төрт айдың қорытындысы бойынша өндіруге өңдеуге қарағанда 9 есе көп қаражат салынды —  1,66 трлн теңге, бұған дейін 183,8 млрд теңге бөлінген еді.

Екінші орында тартылған қаражат көлемі бойынша сәуір айында жылжымайтын мүлік – 105,6 млрд теңге болды. Көлік және қоймалауға бір ай ішінде 55,9 млрд теңге инвестицияланды. Қаражаттың ең аз көлемі агроөнеркәсіптің көптеген түрлеріне бағытталған. Мысалы, балық аулау — 30 млн теңгеден кем. Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет инвестиция үшін тартымды емес болып отыр — 2,9 млрд теңге.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз