Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігері Қанат Асқаров аймақта инфекцияның таралуына қатысты пікір білдірді.
Бұл адамдар өңірдің түрлі аймағында тұрады: Теміртауда — 41 % (54 оқиға), Қарағандыда — 48% (65 оқиға), Бұқар Жырау ауданында — 11% (14 оқиға). «Нұрқазған» бойынша барлық байланыста болғандардың саны — 1115-ке жуық адам, оның ішінде 244 — жақын, 1271 әлеуетті. Кеніштің өзі карантинге жабылды, оның қызметі 1 маусымға дейін тоқтатылды.
— Басқа қалалар мен аймақтарда тұратын кен орны қызметкерлерімен жұмыс жүргізілуде. Індет анықталған бір қызметкердің 13-18 мамыр аралығында Жезқазғанда болғаны туралы ақпарат бар, онда туыстарымен отбасылық шараларда байланыста болған. Нәтижесінде туған-туысқандарының ішінен 17 адам жақын қарым-қатынаста болған адамдар ретінде анықталып, олар ауруханаға жатқызылды. 9 адамда қабыну құбылыстары анықталды, олардан талдау алынды, — деп түсіндірді Асқаров.
Санитарлық дәрігер тәуліктік өсім 43,3%-ды құрағанын атап өтті. Мұндай көрсеткіштер карантиндік шектеулерді бәсеңдетуге мүмкіндік бермейді.
Қарағанды облысында барлығы 455 оқиға анықталды, 170 адам емделіп шықты.