Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Газпромда қиындықтар туындады — Еуропа ресейлік газдан бас тартты

324
Сурет: Рамиль Ситдиков/РИА Новости

2019 жылғы 23 мамырда ЕО газ директивасына енгізілген түзетулер күшіне енді. Оларға сәйкес, енді бір компанияға бір уақытта газ жеткізуші және құбыр иесі болуға  тыйым салынады. Мұндай бастама 2017 жылы ұсынылды, бірақ Германия қарсы шықты. Алайда заң жобасы бәрібір қабылданып, оған Франция күш салды.

Түзетулер ең ірі ресейлік инфрақұрылымдық жобалардың бірі – «Северный поток-2» газ құбырына кедергі жасау үшін қабылдануда.

Оны

еуропалық заңнамаға ілік болады деген есеппен салған, бастапқыда газ директивасының талаптары теңіз құбырларына қолданылмаған

Түзетулер күшіне енгеннен кейін Nord Stream 2 AG ( «Газпромның» 100% еншілесі) «Северный поток -2» нормаларын қолданбауды сұрады. Компания құрылыс физикалық аяқталмаса да, жобаға инвестициялар жасалғанын желеу етіп, оны 2019 жылдың 23 мамырына дейін аяқталды деп санауды ұсынды.

15 мамырда ресми бас тарту жарияланды. Ресейлік газшылардың дәлелдерін ЕО-ның бірде-бір елі қабылдамады. Комиссия атап өткендей, жобаның аяқталуы «экономикалық-функционалдық» тұрғыдан емес, «құрылыс-техникалық тұрғыдан» қарастырылады».

Бұл нені білдіреді?

Тіпті егер құны 10 млрд еуро, ал оның қуаттылығы жылына 27,5 млрд текше метр болса да, ресейлік газ монополиясы оның қуатының жартысын тәуелсіз жеткізушілерге беруге тура келеді. Бірақ мұны істеу мүмкін емес: құбырға тек «Газпром» кен орындары қосылған. Сонымен қатар, бірде-бір ресейлік компанияның құбыр газын экспорттауға құқығы жоқ. Басқаша айтқанда, құбыр жартылай бос қалады.

Әрине, Nord Stream 2-де Еуропалық комиссияның шешімімен келіспейді және сотқа шағымдануға дайын. Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров жобаға қолдау білдіріп,  сөз сөйледі. Оның пікірінше,

«Северный поток-2» бәрібір іске қосылады. Ал алдағы қиындықтардың барлығы ақыр аяғында Еуропаға жеткізілетін газдың бағасына әсер етеді

«Сарапшылардың пікірінше,  құқықтық коллизияны шешудің барлық нұсқалары соңғы тұтынушылар үшін, ЕО елдерінің азаматтары үшін газдың қымбаттауына әкеледі», — деп атап өтті министр.

Бағасын көтерем деп қорқыта алмайсың

Алайда, еуропалықтарды газ бағасының көтерілуімен қорқыта алмайсың. Жергілікті газ нарығы СТГ (сұйылтылған табиғи газ) ағыны,  сақтау орындарының толуы мен карантиндік шаралар аясында тарихи минимумдарды жаңартты. Мысалы, Нидерландыда ЕО-TTF ірі газ хабында газ бағасы мың текше метр үшін 53,7 долларға дейін төмендеді. Бұл сәуір айының соңына қарағанда 20%-ға аз және бір жыл бұрынғы көрсеткіштен үш есе төмен.

Еуропадағы қазіргі бағаларға қарағанда,  газды Ресейдің ішінде сату тиімді болып тұр.  Оның үстіне,

ағымдағы баға белгіленімдері «Газпромның» рентабельділік нүктесінен айтарлықтай төмен

Тек салық пен әр мың текше метр отынды тасымалдау кем дегенде 63 долларды «жеп қояды». Яғни компания өзіне шығын келтіріп,  газды тұтынушыларға сатады.

Мұндай жағдайда «Газпром» газдың көлемінен ұтылады: қаңтар-сәуір айларында Еуропаға жеткізілімдер 20%-ға төмендеді. Бұл орынды СТГ толтырады, оны бір жыл ішіндегі жеткізу көлемі 16%-ға өсті. Сонымен қатар, газға деген сұраныс төмендейді: еуропалық қоймаларда 66 млрд текше метр сақтаулы, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 30%-ға артық.

Тағы бір мәселе – Польша арқылы газ транзиттеуге мүмкіндік беретін келісімшарттың қолданысын тоқтауы. Ол арқылы жыл сайын 33 млрд текше метр (Еуропаға экспорттың 20%-ға жуығы) өтетін еді. Бірақ 17 мамыр күні келісімшарт аяқталды,  оны Польша ұзартпады. Енді

Польшаның газ операторы Gaz System аукциондарда айдау тарифін арттырып, құбыр қуатын ойнататын болады

«Газпромның» болжамына сәйкес, биыл Еуропаға газ сату 17%-ға — 165 млрд текше метрге дейін, ал орташа баға үштен бірге – $133-ке дейін төмендейді. Осылайша,  Райфффайзенбанктің бағалауы бойынша  «Газпром» экспорттық түсімінің 20 млрд долларына дейін айырылуы мүмкін.

«Газпром» ақшасыз қалды ма?

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша «Газпром» 306 млрд рубль таза шығын келгенін анықтады.  Бұл тек бас компанияның шығыны. Еншілес компанияларын ескепке алғандағы  қаңтар-наурыз айларындағы шығынына қатысты деректер жоқ. Алайда, 2019 жылдың қорытындысы бойынша барлық топтың жиынтық табысы 16%-ға, EBIDTA — 53%-ға төмендеді, ал кассалық алшақтық 186 млрд рубльді құрады.

Бұл 2019 жылы «Газпром» өз қызметінен түскен табысынан 190 млрд рубльге артық қаражатты ірі құрылысқа  жұмсағанын көрсетеді.

Бұл тапшылықты көлемі 10 млрд долларға бағаланған облигацияларды шығару арқылы толтыруға болады. Бірақ мұнда жаңа мәселе туындайды. «Газпром» борышының 3,7 трлн рубльінің 85%-ы шетел валютасында номинацияланды.

Ресей валютасының 20% – ға құлдырауы компанияның балансына айтарлықтай соққы болды

Шетел валютасындағы қарызға ақша алу қазіргі жағдайда оңай болмауы мүмкін.

Дағдарыс «Газпромды» шығынын қысқартуға мәжбүрлеуде. Сәуір айының соңында компания ағымдағы жылы инвестициялық бағдарламаны 216 млрд рубльге қысқарту мүмкін екенін мәлімдеді. Шешім жарты жылдың қорытындысы бойынша қабылданады. Алдағы жылдары кқлемі жоғары инвестициялар 2021 жылы  285 млрд рублге, ал 2022 жылы 448 млрд рублге қысқаруы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз