Алматы қаласының әкімшілігі «Зор Рух» Қайырымдылық қорымен бірге Халықаралық отбасы күнін мерекелеу аясында қазақстандықтарға арнап онлайн-режимде бірнеше іс-шара кешенін іске қосты. Шара мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, жеке рухани дамуға көмектесу.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасында қоғамдық сананы жаңғыртуға, мәдени кодты нығайтуға және рухани дамуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өткен жөн.
Сонымен қатар, бүгін, 15 мамыр күні сағат 15.00-де жастарға, отбасылық жұптарға өз-өздерін түсінуге және бір-бірін жақсы түсінуге көмектесетін отбасылық қарым-қатынас тақырыбына арналған тегін онлайн-семинар-тренинг өткізіледі.
ҚР кәсіби психологиялық лигасы мен ұлттық тренерлер пулының мүшесі Данил Файзуллаев өзінің Instagram-парақшасында тікелей эфир өткізеді.
Іс-шара жастардың неке-отбасы қатынастарын құру мәселелері бойынша хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған.