Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Минскіде Жеңіс күніне арналған шеру өткізу дұрыс шешім болды — сарапшы

195

— Алексей, Белорусь пен Швеция карантин бойынша әлемдегі басқа елдерден ерекше позиция ұстанды. Белорусь билігі пандемияға қалай жауап қатты? Қандай жұмыстар атқарылды? Азаматтар әлеуметтік арақашықтықты және ДДҰ басқа да ұсыныстарын сақтады ма?

— Иә, шынымен де, коронавирус эпидемиясына қатысты Белорустің өз позициясы болды. Біз төтенше жағдай және қатаң карантин режимін енгізуден бас тарттық. Алайда билік белгілі бір шараларды да қабылдады.

Денсаулық сақтау жүйесі жұмылдырылды, вирус жұқтырғандар оқшауланды

Жұмыстар өз нәтижесін берді. Бірақ вирус қазірге дейін тарап жатқаны түсінікті және оның таралу деңгейі де көрші елдерге қарағанда жоғары. Дегенмен, Беларусьте өлім-жітім көрсеткіші өте төмен және сауығу көрсеткіші жоғары.

Бізде көпшілік іс-шараларды шектеу туралы ұсыныс жасалды. Кафелер мен мейрамханалар жабылмалса да, онда адамдарға жиі бармауға кеңес берілді.

Барлығы мәжбүрлеуге емес, адамдардың саналылығына құрылды

Қауіпсіздік шаралары, бетперделер мен қолғаптарды пайдалану және басқа да шаралар бойынша жаппай түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Яғни, ДДҰ ұсыныстары орындалды.

Бірақ, екінші жағынан, Беларусь экономиканы ойлап, қатаң карантин енгізган жоқ, себебі бұл экономикаға теріс әсер етуі мүмкін. Оны құлдыратып, үлкен шығын әкелуі мүмкін екенін түсіндік.

Батыс Еуропа елдері нақты сол экономикалық себептерге байланысты карантин режимін тоқтатуда

— Президент Александр Лукашенконың коронавирус тақырыбына қатысты мәлімдемесі барлық тілдерде аңыз секілді айтылып жүр. Қазақстандық орта оның пікірін эмпатия ретінде қабылдауда. Белорустердің өздері биліктің карантин мен пандемияға қатысты көзқарасы туралы не ойлайды? Белорустік тәжірибенің нәтижесін қалай бағалар едіңіз?

— Белорустердің көбі билік таңдаған тактикаға түсіністікпен қарады. Адамдар ақша өндіру және ақша табу керек екенін түсінеді. Елді жауып, ТЖ енгізу және қатаң карантин енгізудің қажеті жоқ.

Карантин енгізу керек дегендердің болғаны да түсінікті. Барлық жерде және барлық кезде билікке сыни көзқарастағы  азаматтар санаты болады. Олар ДДҰ-ға хат жазуға тырысты.

ДДҰ делегациясы келіп, Беларусь коронавируспен күресті қалай ұйымдастырғанын көрді. Қандай да бір елеулі ескертулер болған жоқ. ДДҰ тіпті беларус билігінің ұстанымын қолдады

Сол себепті де биліктің тактикасы қоғамның қолдауына ие болған шығар. Ел арасында ешқандай да дүрлігу жоқ, наразылық білдіргендер де болмады, барлығы қалыпты деңгейде өтіп жатыр.

— Бүгінде ауру жұқтырғандар мен жазылып шыққандар туралы ресми статистикалық мәлімет бере аласыз ба?

— 12 мамырда Беларусьте коронавирустың 24 873 оқиғасы анықталды. Күніне орташа өсім шамамен 4%-ды құрайды.

Кешегі күні 967 адамнан COVID-19 анықталды. Осы уақытта дейін 7 мыңға жуық адам сауығып, 142 адам қайтыс болды

Соңғы екі аптада пайыздық қатынаста сырқаттанғандар санының 9,4%-дан (26 сәуірден) 4%-ға дейін (12 мамырға деректер) төмендегені байқалады. Біртіндеп азаюда. Тәулігіне 900-ге жуық адам анықталады, ал 500-600 адам сауығады. Көп ұзамай бұл көросеткіштер теңесіп, сауығып шыққандардың саны сырқаттанғандардан  асып түседі деп үміттенеміз.

— Алексей, Минскідегі жеңіс күніне арналған шеру қалай өтті? 9 мамыр күнінің алдында билік сыни көзқарастағы оппозициялық блогерлерді, журналистерді ұстады деген ақпарат қаншалықты шындыққа жанасады? Сондай-ақ шеруге дайындық кезінде курсанттардың вирус жұқтырғаны,  ата-аналары балаларының іс-шараға қатысуына қарсы болды деген ақпарат бар.

— Беларусте шеруді өткізу туралы шешім қолдау тапты. Елімізде жеңіс шеруінің  өтетініне ешкім күмән келтірмеді.

Наразылық коронавирусқа емес, президенттік науқанды өткізуге байланысты болды. Оппозиция өкілдері қарсы пікірлер айта бастады

Саяси технологиялар іске қосылады. Блогерлер саяси күн тәртібіне қарсы пікір білдіріп, халықтың көзқарасына әсер етуге тырысты

Шынында да, шеруге шамамен 15 мың адам қатысты. Менің ойымша, бұл эпидемиологиялық жағдайға қатты әсер етпейді. Жағдай өршіп кетеді деп те айта алмаймын.

Сәуір айының соңында болған православиелік мерекелер Пасха және Радуницада көшелер мен шіркеулерде адамдар көп болды. Бірақ бұл аурудың таралуына ықпал еткен жоқ

Дегенмен, кейбіреулердің бетпердесіз жүргені  басқаларды алаңдатты. Бірақ бізде мәжбүрлеу болған жоқ, бәрі ерікті  түрде. Шеруге кім келгісі келді, келеді. Біреу қорғану үшін бетперде кисе, басқа біреулері киген жоқ.

Ең бастысы, әкімшілік мәжбүрлеу жоқ, мысалы, Ресейдегі осындай шаралар халықтың наразылығын тудырып отыр

Шеру штаттық режимде өтті. Әскери қызметшілер арасында ауру анықталған жоқ. Бір сарбаз ұзақ уақыт бойы күн астында жүргендіктен, талып қалды. Бұған коронавирустың қатысы жоқ.

Халықаралық реакция керемет болды. Шеруді өткізу жоғары бағаға ие болды. Әсіресе посткеңестік орыс тілді кеңістікте қолдау білдіргендер көп. Мен халықаралық сарапшылардың түсініктемелері мен мәлімдемелеріне талдау жасадым. Көбінесе оң көзқарас сақталған. Бұл жеңіс шеруін өткізу туралы шешімнің дұрыс болғанын көрсетеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз