Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Мұнай өндірісін қысқарту бензиннің бағасына әсер етпейді — сарапшы

614
Рашид Жаксылыков, сурет: Интерфакс-Казахстан

Энергетика министрлігі әлемде және Қазақстанда мұнайға сұраныс төмендегеннен мұнай қорларының едәуір артуына байланысты 2020 жылдың екінші тоқсанында мұнай қоймаларының толық іркілуі және қазақстандық кен орындарының апаттық тоқтауы қаупі туындағанын мәлімдеді.

«Осыған байланысты Министрлік «Көмірсутектерін барлау және өндіру бойынша операциялар жүргізу үшін жер қойнауы учаскелерін пайдалануға уақытша шектеулер енгізу туралы» Үкімет қаулысының жобасын әзірледі».

Мұнай өндірісіне мамыр-маусым айларында шектеу енгізілетін жекелеген жер қойнауы учаскелерінің тізбесін» де қоса даярлады,

— делінген министрліктің хабарламасында.

— «Өндіруді шектеу орта, ірі және алып кен орындарының санатына жататын кен орындарына таралады. Аталған жер қойнауы тізбесіне экономикалық факторларға байланысты өндірудің табиғи төмендеуі күтіліп отырған шағын және ұсақ кен орындары кірмеген».

Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары одағы президиумының төрағасы Рашид Жақсылықов 365info медиапорталына нарық қатысушыларына шектеу шараларының қалай ықпал ететіні туралы айтып берді.

Ішкі нарық

Егер министрлік терминологиясын түсінікті тілге аударсақ, Қазақстанда мұнай өндірісін тәулігіне 390 мың баррельге қысқарту деген нені білдіреді?

Кен орындары төрт санатқа бөлінеді. Біріншісі — мұнай барынша жеңіл және арзан өндірілетін жаңа кен орындары. Екіншісі — ескілеу, 3-4 санатқа — ескірген, шағын және ұсақ кен орындары жатады.

Ескірген сарқылған кен орындарының жұмысын тоқтатуға болмайды. Мұнай өндіруді қалпына келтіруге ақша да, технологиялар да көмектеспейді

Алып кен орындарында өндірілген мұнайдың өзіндік құны — барреліне 7-ден 12 долларға дейін. Теңізде — тасымалдау шығынымен қоса есептегенде 7 доллар және 12 доллар болады. Қашағанда мұнайды қымбатырақ бағаға өндіреді  — барреліне 11 доллар, ал тасымалдаумен — 17-18 доллар. 3-4 санаттағы ескірген кен орындарының өзіндік құны 40 долларға дейін жетеді.

Сонымен қатар, алып кен орындары ішкі нарыққа мұнай жеткізуден босатылған. Олар тек мұнайды экспорттайды. Бірақ кім болса да жыл сайын 17-18 млн тонна болатын ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз етуі тиіс. «ҚазМұнайГаздың» жеке меншік компаниялары әдетте өз өндірісінің  30%-ын ішкі тұтынуға қалдырды, ал қалған 70%-ын — сатады.

Егер қазір бұл кен орындарын тоқтатсақ, ішкі тұтынуға арналған мұнайсыз қаламыз

Brent барреліне 60-70 доллар болған ең жақсы кезеңдерде мемлекет ішкі жеткізілімдер үшін операторлардан мұнайды 25 доллардан алатын. Соңғы уақытта әлемдік бағалардың  бір барреліне 20 доллардан да төмендеуіне қарамастан, ішкі қажеттіліктерге пайдаланылатын мұнай бағасын барреліне $25 шегінде қалдырды.

— Бұдан қандай пайда?

— Себебі әрбір ел ішкі тұтынушыларының жағдайын ойлайды.

Экономикалық мәселе

Шектеулерге байланысты біздің мұнай нарығының ойыншылары қандай да бір экономикалық қиындықтарға тап болуы мүмкін бе?

Әрине. Біріншіден, мұнай өндіру екі айға ғана шектелмейді. Екіншіден, екі ай бойы орындалатын қатаң келісімшартқа қол қойды және ол шамамен 2 жылға жоспарланған. Сондықтан мамыр-маусым айларынан кейін міндеттемелер тоқтайды деп үміттенудің қажеті жоқ.

Егер біз 2018-2019 жылдары шамамен 90 млн баррель өндірсек, өндірістің қысқаруына байланысты 74-75 млн баррельге дейін төмендейді. Айырмашылығы үлкен ақша

Қазынағы түсетін ақша азаяды. Сонымен қатар, мұнай өндіруді қысқарту компанияға жұмыс күшін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Яғни, көптеген әлеуметтік осал адамдар пайда болады. Мемлекет бұл мәселені соңына дейін ойлаған жоқ. Қысқарту болды, ал адамдар қайда барады? Менің есептеуім бойынша, мұнайшылар 4 млн жұмыссыз қазақстандықтардың қатарын толықтырады.

— Қанша адамды жұмыстан шығарады?

— 80-90 мыңға жуық адам.

Мұнай тәуелділігі

Қазақстан ОПЕК+ келісімін орындаудан бас тартып, өндіру көлемін қысқартудан бас тарта ала ма еді?

Біріншіден, қазақстандық мұнай өндірісін қысқартудың бастамашысы Ресей болды. Ал Еуропаға мұнай жеткізетін барлық құбырлар Ресей арқылы жүріп жатқандықтан, біздің бас тартқанмен де, көршілеріміз тасымалдауға толық тыйым салар еді. Сонда біз өндірілген мұнайды ешқайда жеткізе алмас едік.

Бұл мәселе өзімізді дамыту қажеттігін көрсетті. Дағдарыстан шыққаннан кейін біз Қытай жағына қарай қуатты құбыр салуымыз керек

Бұл ары қарай басқа елдерге мұнай тасымалдау тұрғысынан мүлдем тәуелсіз болу үшін жасалуы керек.

Өндірістің қысқаруы ішкі нарықта жанар-жағар май бағасына қалай әсер етеді?

Баға арзандайды деп күтудің қажеті жоқ. Бұның кем дегенде үш себебі бар. Біріншіден, біздің барлық мұнай өңдеу зауыттары инвестициялық ақшаның арқасында жаңғыртудан өтті. Оларды қайтару керек. Екіншіден, егер қазір соңғы өнім бағасын төмендететін болса, жұмыс берушілер өз шығындарын оңтайландыру мақсатында бірінші кезекте қызметкерлерді қысқартады. Бізге жұмыссыздардың көбеюі қажет пе? Жоқ. Үшіншіден, біз ЕАЭО-да дүрлікпе сұранысты болдырмау үшін ЖЖМ бағасын толығымен теңестіру міндетін мойнымызға алдық.

Ресейліктер Қазақстанды бензинсіз қалдыра сақтаған өткен жылды еске түсіру жеткілікті

Карантинге және мұнай бағасының құлдырауына қарамастан, бізге жүктелген барлық міндеттемені ешкім жоққа шығарған жоқ. Халықтың тілегі бір бөлек, ал барлық экономикалық фактінің жөні басқа. Сондай-ақ олар бізге қарсы болып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз