Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Карантиннен саяжайға: Алматыдағы қимыл-қозғалыстың жаңа ережелері

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, төтенше жағдайдағы шараларды қамтамсыз ететін жедел штаб шешім қабылдады: Алматылықтар мен облыс тұрғындары өздерінің саяжайларына бара алады. Бірақ келесідей талаптарды сақтау керек:

  • өзімен бірге жеке басты куәләндыратын, сондай-ақ, саяжайдың құжаттары болуы керек,
  • бетперде немесе респиратор тағып жүру керек,
  • өзіңмен бірге  санитайзер алып жүру керек,
  • еш себепсіз саяжай учаскесінің сыртына шықпау керек,
  • өзінің саяжайына қонақтар мен көршілерді кіргізбеу керек,
  • 65 жастан асқан адамдарға оқшаулану режимін сақтау ұсынылады.

Ерлан Қожағапановтың айтуынша,  ұсынысты қабылдауда саяжай иелерінің басым көпшілігі егде жастағы адамдар екені және олардың электронды өтініш беруде қиындыққа тап болатыны ескерілді. Сондықтан тексеру үрдісі мен ережелерін  барынша жеңілдету туралы шешім қабылданды. Өзімен бірге саяжайдың бар екенін растайтын құжаттың болуы жеткілікті

— Сондай-ақ көптеген саяжайлардың тиісінше пайдаланылмайтынын түсініп отырмыз. Ішінара тексеру жүргізетін боламыз. Егер өрескел бұзушылықтар анықталса, қатаң жаза қолданамыз. Саяжай учаскелері мен олардың құрылысын тексереміз.

Саяжайға өзінің көлігімен баруға рұқсат етіледі. Сонымен қатар, арнайы автобустар қажет еткен адамдарды блокбекеттерге дейін жеткізеді. Ары қарай саяжай иелері Алматы облысының қоғамдық көліктерімен керек жерге жете алады. Жаяу немесе автокөлікпен жүруге рұқсат. Машинада тек үш адамның, саяжай иесі мен тағы екі адам болуы керек.

Құжаттарды өкілетті полиция қызметкерлері тексереді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз