Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Түркіменстандағы коронавирус мемлекеттік құпияға айналды

267
Сурет: Слово и дело

Түркіменстандағы билік әлі де елде коронавирус жоқ деген пікірді ұстанып отыр, деп хабарлайды Азатлык радиосы. Олар тіпті жоғары мінберлерден бүкіл әлеммен өздерінің «табысты тәжірибесімен» бөлісуге дайынбыз деп мәлімдеуде.

Сырттан қараған адамға жағдай екіұшты болып көрінеді. Бір жағынан, мерекелерге жаппай дайындық басталып жатыр. Екінші жағынан, Ашхабадта мәжбүрлі түрде карантинге жіберіп жатқаны туралы хабарлауда. Күннің ыстығында автокөлікке жүк тиеуге байланысты кезек қалыптасқан уақытта бір жүргізушінің дене температурасы 38 градусқа көтерілгенін анықтаған. Оны бірден жұқпалы аурулар ауруханасына  алып кетіп, 15 күнге карантинге жапты. Карантинге жатқызылғандар Чоганлыдағы жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылады, — деп жазды портал.

Бақылау бекеті Бахарденнен Ашхабадқа бара жатқан жолда, астанаға кіре берісте Бабарапта орналасқан:

— Брезенттен жасалған палата орнатқан, автокөліктерді жол полициясы тоқтатады. Егер жеңіл машина болса, дәрігерлер автокөліктен шығармай-ақ терезеден тексереді. Егер автобус болса, бүкіл жолаушылар сыртқа шығарып, бір-бірден палатаға кіреді, тексеруден өткеннен кейін қайта машинаға отырады.

Осыған ұқсас көптеген бекеттерді Чоганлыдағы жұқпалы аурулар ауруханасының жанына орнатқан.

Билік әлі де карантинді жоққа шығаруда. Мәселен, бұл туралы брифингте Түркіменстанның денсаулық сақтау министрі Нұрмұхаммед Аманнепесов та айтты. Бірақ ол карантиндік аумақтарда 151 адам жатқанын, олардың басым көпшілігі алысқа қатынайтын жүргізушілер мен теңізшілер деп мәлімдеді.

Пандемия мереке өткізуге кедергі емес

Түркіменстанда барлық жерде: жолда, қалаға кіре беріс жерде, вокзалдарда және қоғамдық орындарда халықтың температурасы бақыланады:

Бірақ көлікті дезинфекциялау шаралары немқұрайлы жүргізіледі

— Автобустар әуежайға келгенде ле, соңғы аялдамадада дезинфекциялау керек. №1,18, 99, 22 автобустары келгенде, жұмыс киімін және қолғап киген, қолында бүріккіші бар бір ер адам кіргенімен, ол алдыңғы орынға отырып, ешқандай өңдеу жұмысын жасаған жоқ. Бұл бір ғана жағдай емес, үнемі солай, — деп портал астаналық әуежайдағы жағдай туралы жазды.

Мектептер мен балабақшаларда COVID-19 тест өткізеді, бірақ нәтижжелерін хабарламайды. Алайда «маусымдық тұмау ауруларының алдын алу» мақсатында жаппай диспансерлеу туралы хабарлар көбейіп кетті.

Елде коронавирус туралы айтуға тыйым салынған

Тіпті мектеп оқушыларына жағдайының нашарлағанын айтып шағымдануға тыйым салған.

26 сәуірде ел Гурбангулы Бердымухамедовтың сүйікті мерекесі —  түркімен сәйгүліктерінің күнін атап өтті. Түркіменстанның барлық жерінде көп адам жиналған шаралар өтті.

Сонымен қатар, Түркіменстанда шекарадан өту бекеттерінің көбі ашылды.

Бұрынғы тыйымдар қайтарды, жаңаларын да қосты

Ашхабадтағы мемлекеттік мекемелерде және кәсіпорындарда әйелдердің сыртқы келбетіне қойылатын тыйымдар мен талаптарды қатаңдатты.

— Бюджет жұмысшыларына, соның ішінде әйел  мұғалімдерге шаштарын түссіздендіруге, жапсырма кірпік тағуға, қастарына татуаж, маникюр мен педикюр жасауға тыйым салуда, — деп жазды портал.

2018 жылы көктемде осындай шектеулер болған еді, кейіннен оларды жеңілдеткен еді. Қазір оларды толығымен қайта енгізуде.

Сондай-ақ кең жағалы, ұлттық өрнектермен безендірілген киімдерге де тыйым салды

— Жиналыстарда бұл тыйымдарды не сепебептен енгізілгені туралы анық жауап бермейді. Бірақ бұл мәселені өзара талқылаған азаматтар, билік әйелдерді өздерінің тараптарына сай, бірдей киіндіргісі келеді деп айтуда. Мұның бәрі ұлттық дәстүрге сәйкес деп түсіндіруде. Бір жағынан, әйелдердің пікірінше, билік осы арқылы

косметикалық қызмет саласына қысым көрсетпекші, себебі олардың бағасы кейінгі кезде тып көтеріліп кеткен,

— дейді журналист.

Сонымен қатар, егер әйелдер талапқа бағыбайтын болса, оларды жұмыстан шығамыз деп қорқытқан.

Сұлулық салондары мен шашатараздардың иелерін полицияға шықырып, бұл шектеулердің олардың жұмысына да қатысты екенін ескерткен.

Ашхабад әкімдігі мен Түркіменстанның Әйелдер одағының Орталық кеңесінен бұған қатысты пікір ала алмадық.

2018 жылдың сәуірінде мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда жұмыс істейтін әйелдерге

тырнақ өсіріп, шаштарын бояуға және жапсырма кірпіктерді пайдаланып, шашын түсссіздендіруге тыйым салды

Кейіннен мұндай заттардың елге әкелінуіне де тыйым салды.

Сондай-ақ шомылу киімі мен шолақ шалбарларды әкелуге тыйым салғаны туралы хабарланды. Бір ай өткеннен кейін мектеп мұғалімдеріне бірдей форма кию туралы талап қойылды.

Тамақ та жоқ, ақша да жоқ

Ал елде дағдарыс жалғасуда. Тіпті қолма-қол ақша жетіспейді, банкоматтар бос тұр. Адамдар қулыққа барып, мәселенің шешімін табуға мәжбүр.

Мысалы, ірі сауда нүктелеріне келіп, қолма-қол ақшасы бар сатып алушыларға өзінің төлем карталарын пайдаланып, ал орнына оларға ақша беруді ұсынуда.

— Түркменабад қаласының «Кямил», «Джейхун» және «Рысгал» супермаркеттерінің кіре берістерінде Лебап велаятында күн сайын 50-70 адамнан көруге болады, – деп жазады портал.

Бірақ көбінесе мұндай өтініштерді қабыл алмайды.

Кейде жеке меншік дүкен иелеріне осыған ұқсас өтініш білдіреді, бірақ олар 10% комиссия алады.

Сонымен қатар елде қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізуге шектеу күшейтіледі. Барлық сауда орындарында банк карточкасымен төлем жасауға арналған терминалдар жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз