Нұр-Сұлтан
Қазір
-10
Ертең
-8
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

«Фундаменттің орнына қоқыс төккен»: Алматыдағы қисайған үйге қатысты тағы да дау туды

278
Алғабас ықш., 179 үйдегі қайта қалпына келтіру жұмыстары

2019 жылдың 19 желтоқсанында 365infо студиясында  тұрғындар өздері тұратын көпқабатты үйдің жағдайы туралы айтып берген еді.  Пәтерлерде үлкендігі бармақтай болатын жарық пайда болып, үйдегі есіктер мен терезелер жабылудан қалған, үй үнемі сықырлап тұрады.

Адамдар шу шығарғанннан кейін, қала билігі оларды басқа үйге көшірді. Қаңтар айында ҚазҚСЗҒИ мамандары үйге тексеру жүргізді, тексеру  құрлыс барысында үлкен қателіктердің жіберілгенін анықтады. Бірақ мамандар оны қайта қалпына келтіруге, яғни құрлысшылардың қателіктерін түзетуге болады деп шешті. Әрине бұдан кейін адамдарды үйлеріне қайта көшіреді. Үй тұрғындарының бірі Әсем Сыдықованың бұл туралы мынандай пікірде.

Тұрмасақ та, ақысын төлейміз

— Әсем, үйге мамандар жүргізген тексеру нәтижесі қандай болды?

— Біріншіден, сапалы фундаменттің орнына құрылыс қалдығын төккен. Іргетастың астына  топырақ төсеу технологиясында үлкен қателіктер жіберілген. Қазіргі кезде үйдің іргесін нығайтып жатыр. Мәселен, менің пәтерімнің едені түзуленіп, есіктер мен терезелер жабылатын болған.

Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев жүргізіліп жатқан жұмыстарға қатысты пікір білдірді. Ол фунлдамент плитасының периметрі бойынша сүзілуге қарсы экран салады деді. Оның айтуынша, бұл топырақ тұғырығының ары қарай жайылуын тоқтатып, ылғалданудан қорғайды.

Наурыз айында үйдің қисайған жағына қарама-қарсы беттен вертикалды ұңғыма қазып, топырағын шығарып, үйді тіктеді. Мамырдың соңына дейін оның  іргесін бұрғылап салынатын тіректермен нығайтамыз деген болатын.

Әсем Сыдықова

— Үйде ешкім тұрмаса да, тұрғындарға коммуналдық қызметтердің ақысын есептер жатыр деген ақпарат бар. Бұл рас па?

— Иә, солай. Мен осы жайтты анықтасын деп, ПИК (пәтер иелері коперативі – ред.) ұйымына арыз жаздым. Ақпан айының соңында қаңтар мен ақпан айы үшін айтарлықтай үлкен сомманы төледім. Не үшін бұлай болып жатқанын түсінбеймін.

Біз үйде тұрмасақ та, қоқыс шығару, үйді жылыту, домофон, кіреберісті тазалау, күрделі жөндеу жүргізу үшін ақша төлеуге мәжбүрледі.

Күні бүгінге дейін төлеп отырмыз. Негізінде біз көшіп кеткен соң, бұндай шоттар болмауы керек. Мәселе ақшада емес қой. Мен өзіме көрсетілмеген қызметтер үшін ақша төлеп отырмын.

— Сіздің үйлеріңізге әкімшіліктің бірнеше қызметкерін бекітіпті, олар көшу, коммуналдық төлемдер, пәтер жалдауға кететін ақшаның өтемақысының қатысты мәселелерді шешті ме? Әкімшілік жұмыстарын қаншалықты сапалы жүргізуде және қазірде қандай проблемалар бар?

— Үйді жалдап тұруға берілетін өтемақыны дер кезінде, кейде тіпті ертерек те аламын, бұған қатысты ешқандай мәселе жоқ. Әкімшілік басынан бастап жақсы жұмыс істеуде. Қалалық билікке қарсы, соның ішінде коммуналдық төлемдерді төлеуге қатысты да айтар уәжім жоқ. Коммуналдық төлемдермен әкімшілік емес ПИК айналысуы керек. Сондай-ақ мен осы жалдамалы пәтердің ақысын «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» қазірге дейін төлеп отырмын. Ресми түрде біздің үйіміз апатты деп танылмағандықтан, мен төлем жасап отырмын.

Құрылысшы кәнәлі емес пе?

— Әкімшілік жөндеу жұмыстарының мерзімі туралы не айтып отыр?

— Осы жылы бітіретінін білемін.

— Сіздердің көршілеріңізден кім онда қайтып баруға дайын?

— Басқаларын білмеймін, бірақ біздің отбасымыз онда бармайтыны анық. Менің «АГС-ПЛАСТ» ЖШС-ға айтар арызым көп. Олардың құрылыс жұмыстарына ұқыптылықпен қарамағаны үшін біз ары-бері көшіп жүруге мәжбүрміз. Ал көшіп-қону деген оңай шаруа емес. Енді олардың сапасыз құрылысы үшін мемлекетке шығын келіп отыр.

Барлығы зардап шекті, бірақ құрлысшы компания жазасыз қалды. Сондықтан мен осы мәселені көтеріп, прокуратураға арыз жаздым

Менің ойымша, бірнеше бап бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны айдан анық көрініп тұр. Оны ҚазҚСЗҒИ мамандары берген қортынды да дәлелдейді.

Өрт гидрантын орнатқандарға да қояр сұрағымыз бар. Мамандардың қорытындысы бойынша үйдің астындағы топырақты 15-17 метрге дейін  су басуына жаңбырдың қатысы жоқ.  Олардың сапасыз жұмысының нәтижесі.

— Құрылысшы не деп отыр?

— Компания өкілі бір рет қана әкімшіліктің қатысуымен өткен ортақ жиналысқа келді. Бірақ кездесу барысында үлкен дау туып, мен оның не айтқанын да білмеймін, есімде жоқ.

Біздің жағдайымызда бұл іске әлі нүкте қоя алмаймыз, шешілмеген мәселелер бар. Карантин тұрғындардың мәселесінің шешілуіне кедергі болды, сондықтан қазір күткеннен басқа амалымыз жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз