Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 10 сәуір күні вирусологтардың ұсынысымен Қазақстандағы төтенше жағдай режимін сәуір айының соңына дейін ұзартылатынын мәлімдеді. Президент елімізде ауру жұқтыру жағдайының төмендемегенін ескеріп, осындай шешім қабылдады, деп есептейді қаржы кеңесшісі Расул Рысмамбетов.
— Карантин ел экономикасының деңгейіне әсер етті. Неліктен тәуекелге барып, тағы бір айға ТЖ режимін ұзартты?
— Экономика тұрғысынан карантинді ұзарту, әрине, қиын қадам. Бірақ үкіметтің логикасын түсінуге болады.
Егер елде індет ары қарай тараса, жұмыс істейтін адам болмайды. Ал егер карантин мамыр-маусым айының ортасына дейін созылса, экономика зардап шегеді
Сондықтан президент пен үкімет орынды шешімін қабылдап, карантинде отырған адамдардың ауру жұқтырмауын ойлап отыр. Кем дегенде, мен Президенттің тапсырмасын дәл осылай деп бағалаймын.
«Әкімдіктер қатаң санитарлық-эпидемиологиялық режимді, жұмыс орындарында әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ете алатын кәсіпорындардың тізімін әзірлеуі тиіс.
Өңірлердің дағдарысқа қарсы штабтары осындай жұмыс орындарын тексеруді қамтамасыз етеді. Штабтар кәсіпорындардың жұмыс режимін, қызметкерлерді жұмыс орындарына жеткізу тәртібін және басқа да ұйымдастыру-техникалық мәселелерін анықтайды.
Осының негізінде мемлекеттік комиссия тиісті кәсіпорындардың қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдай алады».
— Сіз қалай ойлайсыз, кәсіпорындардың ішінара жұмыс істеуі инфекцияның одан да қарқынды өршуіне алып келе ме?
— Сондықтан да президент аймақтық штабтарға шешім қабылдауды ұсынады. Олар карантиннің барлық ережесінің сақталатынын білуі тиіс.
Алайда, кәсіпорындарды тек сақтық шараларын сақтай отырып, іске қосу керек
— Мұндай ұзақ карантин неге әкелуі мүмкін, адамдардың ақшасы таусылса не болады?
— Бүкіл әлемде ол мемлекеттік шығындардың өсуіне алып келеді. Көптеген мемлекеттер өз бюджеттерін мұқият есептеп, көпшілігі мамыр-маусым айларында сыртқы қарыздары мен бюджетін қайта қарайды және басқа да шараларды қабылдайды. Мемлекеттің ақшасы таусылса, халқы қиын жағдайға ұшырайтыны анық.